Ақп 15, 2024 16:47 Asia/Almaty
  • Хазірет Саджадтың(ғ.) туған күні құтты болсын!

Бүгін, бейсенбі х.қ.ж.с.б. 1445 жылдың 5 шағбаны, сәйкесінше 15 ақпан – Кербала көтерілісінің ту ұстаушысы имам Саджадтың(ғ.) туған күні.

Х.қ.ж.с.б. 38 жылдың 5 шағбанында Мәдина қаласында имам Хұсейн бен Әлидің (ғ.) үйіне періштелер келіп, кәміл адамның айнасы болатын және ғибадатшылар мен сәждеге бас ұрғандардың имамы болатын, Хұсейн көтерілісінің ержүрек ту ұстаушысы болатын сәбидің дүниеге келгенін сүйіншіледі.

Имам Саджад (ғ.) өз заманында ең жақсы, ең діндар әрі төзімді адамдардың бірі саналған. Ол жайлы мінез-құлқы мен шешендігіне сүйеніп, исламдық құндылықтарды таратумен айналысқан.

Бұл хазіреттің ислам қоғамын дамыту жолында илаһи мақсаттарды ілгерілету үшін қолданған ең маңызды құралы дұға болған. "Сахифа Саджадия" қалыбында бізге жеткен теңдессіз дұғаларының әрқайсысы Алланың ұлылығы мен адамгершіліктің биік шыңдарын сипаттайды.

Иран Телерадио бірлестігінің әлемдік қызмет торабына қарасты Қазақ радиосы барша мұсылмандар мен әлемнің азаттық сүюшілерін хазірет Саджад Зейн ул-Абединнің (ғ.) туған күнімен құттықтайды!

Тегтер