Ақп 15, 2024 17:28 Asia/Almaty
  • Канани

ИИР СІМ-нің баспасөз хатшысы: "ИИР әрдайым "Ораш" кен орнына қатысты мәселені диалог және сарапшылармен өткен келіссөздер нәтижесінде шешу керегін айтып келеді",-деді.

"Ораш" кен орны – Парсы шығанағының солтүстігіндегі Бушер облысында орналасқан Иранның газ кеніштерінің бірі. Кувейт пен Сауд Арабиясы бұл кенішті "Әд-Дәрре" деп атайды.

Осы ортақ газ кенішінің қоры – 368 млрд текше метр. Ал мұнай қоры шамамен 310 млн баррель деп есептелген.  

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Насер Канани Кувейт әмірінің Бахрейнге сапарының қорытынды мәлімдемесіне жауабында: "ИИР әрдайым "Ораш" кен орнына қатысты мәселені диалог пен келіссөздер нәтижесінде шешу керегін айтып келеді. Осы мәселеге қатысты келісім әріптестік аясында ортақ мүдделерді сақтай отырып жасалуы тиіс",-деді.  

Канани: "Түрлі ақпарат құралдарында және мәлімдемелерде біржақты уәждер айту осы істі шешуде оңды қадам бола алмайды",-деді.

Канаи тату көршілестік принципі мен көршілес елдермен қарым-қатынасты нығайту саясаты негізінде тағы да ИИР-дың достық кеңістікте келіссөздерді жалғастыруға, келісімге қажетті бір шешім жолын табуға дайын екенін мәлімдеді.

Тегтер