Ирандық спринтер жабық алаңдағы Азия рекордын жаңартып, чемпион атанды
Ақп 18, 2024 20:45 Asia/Almaty
Теһранда өтіп жатқан жабық алаңдағы Азия чемпионатының екінші күнінде Фарзана Фасихи әйелдер арасында 60 метрге жүгірудің соңғы кезеңінде 7,20 секундты тіркеп, Азия рекордын жаңартып, алтын алды.
Бұл – жабық алаңдағы Азия чемпионатының он екінші кезеңіндегі Иранның алғашқы алтыны. Сондай-ақ Назанин Фатима Эйдиан 400 метрді 55,14 секундта жүгіріп өтіп, екінші орын алды. Кажан Рустами осы аралықты 55,33 секундта жүгіріп өтіп, қола жүлде алды.
Жарыстың бірінші күнінде Мехди Сабери диск лақтырудан, Әли Амириан 1500 метрге жүгіруден, Илхам Хашеми диск лақтырудан қола алды.
Тегтер