Ақп 19, 2024 17:02 Asia/Almaty
  • Исмаили: Иран ақпарат құралдарының көрмесі көпшіліктің көңілінен шықты

Иранның Мәдениет және исламдық бағдар министрі: "Иран ақпарат құралдарының көрмесі көпшіліктің көңілінен шықты",-деді.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран Мәдениет және исламдық бағдар министрі Мұхаммед Мехди Исмаили жексенбі күні Иран ақпарат құралдарының 24-ші көрмесінің баспасөз отырысында: "Көрмеге 450 ақпарат құралының қатысуы Иранда медиа саласының жақсы дамығанын көрсетеді",-деді.

Исмаили: "Иран ақпарат құралдарының көрмесін өткізу – тағы бір кешеуілдеп қалған мәдени іс-шара. Бірақ бұл да орындалды",-деді.

Исмаили БАҚ өкілдерден Иранның жақсылығын асырып сипаттауды сұрады.

Осы рәсімде "Иран баспасөзі" энциклопедиясының екінші томының тұсаукесері өтті.  

ХАМАС-тың баспасөз өкілі осы рәсімде: "Газадағы Палестина жауынгерлерінің арқасында сионистік дұшпан жеңіліс табады",-деді.

Усама Хамдан Теһранның "Мосалла" кешенінде өтіп жатқан Иран ақпарат құралдары көрмесінің ашылу рәсімінде: "Әл-Ақса дауылы" операциясындағы ХАМАС-тың жағдайы өте жақсы. Қарсыласу күштері Палестина мен аймақтың болашағында басты ойыншы болады",-деді.

Усама Хамдан БАҚ-тың Израильге қарсы майдандағы рөліне тоқталып: "БАҚ аймақта сионистік режимге қарсы тұру және жеңілмеу рухын қалыптастыруда басты рөл ойнайды",-деді.

Тегтер