Ақп 20, 2024 20:13 Asia/Almaty
  • Иран бірлескен кен орындарынан газ өндіруде Катардан асып түсті

Арнайы Парс аймақ ұйымының бас директоры, бұл аймаққа 150 миллиард доллар инвестиция құйылғанына тоқталып: "Енді жалпы кеніштен Катардан артық газ алынады. Иранның Оңтүстік Парс бірлескен кен орнынан өндіру көлемі тәулігіне шамамен 710 миллион текше метрді құрайды, ал біздің серіктесіміз шамамен 650 миллион текше метр өнім алады",- деді.

 

Ол Оңтүстік Парстың Иран мен Катар арасында ортақ екенін айтып: "Катардың жағдайы әлем елдерінің көпшілігі онымен ынтымақтаса алатындай болды. Ал бұл кен орны іске қосылғаннан кейін бірден Иранға қатыгез санкциялар салынды, тіпті сатып алынған компрессорлар да теңізден қайтарылды",- деп мәлімдеді.

 

 

Тегтер