Ақп 25, 2024 18:09 Asia/Almaty
  • Иран қауіпсіздік күштері

"Джейш әл-зұлым" лаңкестік тобының басшысы Иран қауіпсіздік күштерімен қақтығыста қаза тапты.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, "Джейш әл-зұлым" лаңкестік тобының басшысы әрі Иранның оңтүстік-шығысында болған соңғы лаңкестік әрекеттің басты орындаушысы Исмаил Шах Бахш бірнеше серігімен бірге Иран қауіпсіздік күштерімен қарулы қақтығыста өлтірілді.

"Джейш әл-зұлым" лаңкестік тобы 2010 жылы  Иранның оңтүстік-шығысындағы Систан мен Белуджистан облысында бәлуч халқы мен қауіпсіздік күштеріне қарсы лаңкестік қылмыс жасады. Сондай-ақ, бұл топ Захеданның Имам Әли (ғ.) мешітіндегі намазхандарға қарсы лаңкестік әрекет жасады, Хаш тас жолында Сақшылар корпусының автобусын жарып жіберді, 2011 жылы Тасуа күні Чабаһарда жарылыс жасап, Систан мен Белуджистан облысының көптеген сүнниттері мен шиіттерінің көз жұмуына себеп болды.

Иран қауіпсіздік күштері сондай-ақ Иранның оңтүстігіндегі Хормозган облысында әйгілі лаңкес Акрам Лахури мен елдің оңтүстігіндегі Керманшах облысының Сәрползахаб ауданында антиреволюциялық топтың бір мүшесін қолға түсірді.   

Тегтер