Ақп 28, 2024 18:09 Asia/Almaty
  • Алғаш рет дауыс беретіндер Ислам революциясының жетекшісімен кездесті

Ислам Кеңесі Мәжілісінің 12-ші сайлауы мен Эксперттер кеңесінің 6-шы  сайлауы қарсаңында алғаш рет дауыс беретіндер тобы мен шәһидтердің жанұялары Ислам революциясының жетекшісімен кездесті.

 

Аятолла Хаменеи сайлаудың маңыздылығына тоқталып: «Мықты және халық жаппай дауыс беретін сайлау – елді дұрыс басқарудың тіректерінің бірі. Елдің маңызды да айқындаушы көріністерінде ұлттың бар екенін әлемге таныта алсақ, елді аман алып, алға ілгерлеткеніміз»,- деді.

Ислам революциясының жетекшісі сөзінің жалғасында: "Біз сайлауға фракциялық, топтық тұрғыдан емес, ұлттық мүдде тұрғысынан қарауымыз керек",- деп баса қуаттады . Аятолла Хаменеи сондай-ақ сайлауға құлықсыздығын білдіретін кейбір адамдарға тоқталып: «Дауыс бермеудің ешқандай жетістіктері мен пайдасы жоқ және елдің мәселелерін шешпейді",- деп айтты. Ислам революциясының жетекшісі Мәжіліс үміткерлер арасынан ең жақсыларды таңдауының қажеттілігіне назар аударып: "Үміткерлерді іріктеу кезінде діндарлық, шетелдік күштерден тәуелсіздік, сыбайлас жемқорлықпен күресу, ұлттық мүддеге мән беру сияқты қасиеттерге назар аудару керек",- деп мәлімдеді.

Аятолла Хаменеи сөзінің тағы бір бөлігінде Газа мәселесін Ислам әлемінің негізгі мәселесі деп атап: "Газа мәселесі Исламды әлемге танытты және ислам мен дін факторының сионистердің барлық бомбалаулары мен апаттарына мойынсұнбаудың, халықтың беделі мен қарсыласуының себебі екені белгілі болды. Бұл мәселе Батыс мәдениеті мен өркениетінің ақиқатын әлемге паш етті және бұл мәдениеттен туған саясаткерлер сионистердің палестиналықтарға геноцид жасауын мойындауға да дайын емес екені белгілі болды. Кейбір сөздерге қарамастан, олар БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларына вето қою арқылы қылмысты тоқтатудың алдын алады",- деді. Аятолла Хаменеи АҚШ Әскери-әуе күштері офицерінің сионистік режимнің қылмыстарына наразылық ретінде өзін-өзі өртеп жіберуін АҚШ-тың адамгершілікке жатпайтын саясаттары мен жемқор әрі залым Батыс мәдениетінің келеңсіздігі мен масқаралығының шарықтауының белгісі деп біліп: "Батыс мәдениетінде тәрбиеленген бұл адамның өзі  бұл мәдениеттің келеңсіздігінің тереңдігін түсінді",- деп айтты. Ислам революциясының жетекшісі Алла Тағаланың Исламға, мұсылмандарға және Палестинаға, әсіресе Газаға толық жеңіс сыйлайтынына үміт білдірді.

 

 

 

 

 

  

 

 

Тегтер