Ақп 29, 2024 20:55 Asia/Almaty
  • Иран Ислам Кеңесі Мәжілісі мен Эксперттер кеңесіне сайлаудың үгіт-насихат науқаны аяқталды

Бейсенбі сағат 08:00-де сайлауға 24 сағат қалғанда Иран Ислам Кеңесі Мәжілісі мен Эксперттер кеңесіне сайлаудың үгіт-насихат науқаны аяқталды.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің он екінші сайлауы және Эксперттер кеңесінің алтыншы сайлауы ертең, жұма күні 1 наурызда өтеді. Үміткерлер Парламенттегі 290 орынға және Эксперттер кеңесіндегі 88 орынға таласады.

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісі сайлауының үгіт-насихат науқаны 22 ақпанда, ал  Эксперттер кеңесі сайлауының үгіт-насихат науқаны 14 ақпанда басталды.

Осы аралықта Ислам Кеңесі Мәжілісіне 15200-ден аса үміткер, Эксперттер кеңесіне 144 үміткер тіркеліп, үгіт-насихат жүргізе бастады.

ИИР Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, елде 61 172 298 адам дауыс бере алады.   

Тегтер