Ислам революциясының жетекшісі сайлау уақыты басталысымен дауыс берді
Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи бүгін, жұма Ислам Кеңесі Мәжілісінің 12-ші сайлауы мен Эксперттер кеңесінің 6-шы сайлауы күні таңертең дауыс беру басталуының ең алғашқы сәтінде Имам Хомейнидің Хосейниесіне келіп, жүзден астам отандық және халықаралық БАҚ журналистері мен операторларының алдында дауыс берді.
Ислам революциясының жетекшісі дауыс бергеннен кейін Иран халқына мүмкіндігінше ертерек сайлауға барып, дауыс беруге кеңес берді. Аятолла Хаменеи: "Бүгінде әлемде жеке тұлғалар мен саясаткерлер және беделді ұлттық және саяси лауазым иелері болып табылатын көптеген адамдардың көздері Иранға ауып, Иран ұлтының бұл сайлауға қалай қатысатынын көргісі келеді. Иран халқының сайлау учаскелерінде болуы достарды қуантады, ал жамандық тілеушілерді үмітсіздендіреді",- деді.