Нау 02, 2024 17:00 Asia/Almaty
  • Иранда Ислам Кеңесі Мәжілісіне және Эксперттер кеңесіне сайлаулар аяқталып, дауыс санау басталды

Иранда Ислам Кеңесі Мәжілісінің он екінші сайлауы мен Эксперттер кеңесінің алтыншы сайлауында дауыс беру уақыты жұма күні сағат 00:00-де аяқталды.

Иран Телерадио бірлестігінің әлемдік қызмет торабына қарасты Дари радиосының хабарлауынша, Иранның Ішкі істер министрі Ахмад Вахидидің жариялауымен жұма күні сағат 08:00-де Ислам Кеңесі Мәжілісіне және Эксперттер кеңесіне сайлаулар басталды. Халық көптеп қатысқандықтан сағат 20:00 аяқталатын сайлау алдымен сағат 22:00-ге, содан соң 00:00-ге дейін ұзартылды.

Иранның Сайлау штабы дауысты санап, нәтижесін жариялайды.  

Теһран, Рей, Шамиранат пен Исламшахр қалалары Ислам Кеңесі Мәжілісінде 30 орынға ие болғандықтан және сайлауға 3545 үміткер қатысқандықтан дауыс санау және нәтижесін жариялау біраз уақыт алады.

Иранда 61 172 298 адам сайлауға қатыса алады. Олардың ішінде 30 945 133 ер адам, 30 227 165 әйел адам бар.

Иран Сайлау штабының хабарлауынша, шамамен 15 мың үміткер Ислам Кеңесі Мәжілісінің он екінші сайлауында бәсекеге түсуге рұқсат алды. Олардың 12 пайызы әйелдер, 88 пайызы ер адамдар болды. Эксперттер кеңесінің сайлауына қатысуға 144 адамның біліктілігі расталды.

Әлемдегі 20 елінің 160 ақпарат құралының 350-ден аса тілшісі Ислам Кеңесі Мәжілісі мен Эксперттер кеңесіне сайлау жайлы ақпарат таратты.

Тегтер