Нау 02, 2024 18:08 Asia/Almaty
  • Раиси сайлауға белсене қатысқан халыққа алғыс айтты

Иран Президенті халықтың сайлауға саналы түрде белсенді қатысқанын былтырғы бүлікке тарихи соққыдан кейін үстемшілдердің антигуманистік майданына берілген "үлкен жоқ" деп бағалады.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран Президенті қырағы халықтың Ислам Кеңесі Мәжілісінің он екінші сайлауы мен Эксперттер кеңесінің алтыншы сайлауына саналы түрде белсене қатысқанына алғыс айтып: "Алла тағаладан халыққа қызмет етушілер, әсіресе қалаулы өкілдердің елдің мәселелері мен қиыншылықтарын шешуде әсерлі қадамдар жасап, халықтың осыншама ынта-ықыласына сәтті жауап бере алуын сұраймын",-деді.

Иран Президентінің хатында: "Армысыздар, Иранның көреген халқы! Сіздер Ислам Кеңесі Мәжілісінің он екінші сайлауы мен Эксперттер кеңесінің алтыншы сайлауына саналы түрде уақытылы қатысу арқылы исламдық Иранның абырой-айбынының одан ары артуына және дұшпандардың сағы сынуына себеп болдыңыздар",-делінген.

Тегтер