Нау 04, 2024 21:53 Asia/Almaty
  • Ирандық спортшы әйелдің жетістігін кім көргісі келмейді?

1979 жылы Иран Ислам революциясының жеңісінен бері әйелдер бұл елде ерекше орын тапты, оның мысалы ирандық әйелдердің түрлі халықаралық ареналардағы, соның ішінде спорттық жарыстардағы табыстары.

Мысалы, 2023 жылдың 23 қыркүйегі мен 8 қазаны аралығында Қытайдың Гуанчжоу қаласында өткен Азия ойындарында ирандық спортшы қыздар көп жүлдені жеңіп алды. Осы жарыстардағы Иранның жалпы 54 медалінің 16-сы, яғни медальдардың үштен біріне жуығы әйелдерге табыс етілді.

Гуанчжоудағы Азия ойындарындағы Иран спортшылары

Кейбір ирандық спортшы қыздар бұл жарыстарға алғаш рет қатысты, ал кейбіреулері әйелдерге  арналған спорт түрінен алғаш  рет медаль алды. Фаранак Партоазар ирандық әйелдерге велоспорттан бірінші медаль әкелді және мәнерлеп сырғанаудан ирандық әйелдер үшін ең жақсы медаль болған Таране Ахмадидің күміс медалі болды.

Фаранак Партоазар

Бұл табыстар тізімінде ауыр атлетикадан ирандық әйелдер рекордын жаңартқан Илахе Разақиді атап өту керек.

Илахе Разақи

Бірақ спорт қауымдастығының осы жетістіктермен қатар бір уақытта экранға шығаруға рұқсат етілмеген фильм  заңсыз түрде әлеуметтік желіде көрсетілді.  

Бұл фильм суда жүзуден рекорд орнатамын деген ирандық әйелдің оқиғасы, бірақ Иран билігі оның рекордын жарамсыз киімді сылтауратып жазудан бас тартады.

Қалайша Ислам республикасының туы астында ирандық әйелдердің халықаралық спорттағы жетістіктері әйелдер құқығын қолдайтын режиссерлердің назарын мүлдем аудармайды, бірақ көптеген күмән тудыратын қарама-қайшылықты оқиға халықаралық фестивальдерде әлем халқы үшін ирандық әйелдер спортының жағдайын көрсететін фильм түсіруге негіз болады?

Ирандық Сара Джаванмарди Гуанчжоудағы Азия ойындарында 10 метрлік тапаншадан атудан күміс медаль алу үшін үш айлық баласымен жеңіс тұғырына көтерілді.

Фильмнің тақырыбы ретінде әйелдер спортынан шынайы оқиғаны таңдадық деген бұл фильмнің авторлары мен актерлері ирандық әйелдер спортының жетістігі туралы фильм түсіру үшін Куруш спортындағы Заһра Бақеридің күміс медалін немесе коньки тебуден Таране Ахмадидің күміс медалін негіз ретінде пайдаланбайды?  

Заһра Бақери

Ислам республикасы әйелдер күресіне, гір көтеруге және коньки тебуге қарсы емес. Тіпті жүзуден әйелдер арасындағы жарыс  Иранның ішінде  өтеді. Тек халықаралық аренада ерлердің болуына және ирандық жүзуші әйелдердің діни киіміне халықаралық қарсылық көрсетуіне байланысты ирандық әйелдерге мұндай рұқсат берілмейді.

Иранның әйелдер кабади құрамы

Осы түсіндірмелермен ирандық әйелдердің жетістігін кім көрмейді? Мұсылман әйелге киюге қажетті шариғат қағидалары бар спорттың барлық түрінен медаль жеңіп алуға жол ұсынатындар, сонымен қатар қала көшелеріне медаль алғандардың билбордтарын орнататындар, әлде осы табыстардың арасында күдікті әңгімені бастап, соның кесірінен спорт саласындағы әйелдердің медаль алуы мен чемпионаттарын елеусіз қалдыратындар ма? Ирандық әйелдердің жаулары кімдер?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тегтер