Нау 05, 2024 18:14 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі: Иран халқының сайлауға қатысуы әлеуметтік және өркениеттік парыз және жиһад болды

Ислам революциясының жетекшісі Иран халқының 1 наурыз күні сайлау учаскелеріне қатысуын жоғары бағалап: «Иран халқының сайлауға қатысуы әлеуметтік және өркениеттік парыз және жиһад болды",- деді.

Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи бүгін (сейсенбі) Ағаш отырғызу күні 3 көшет отырғызғаннан кейін: "Бір жылдай дұшпандар өздерінің үгіт-насихатымен халықты сайлауға қатысудан тайдыруға және сайлауды сәтсіз етуге тырысты. Бірақ халық   ұлы және эпикалық қозғалысымен жаулардың күш-жігеріне қарсы шықты, сондықтан бұл қозғалыс жиһад болды",- деді. Аятолла Хаменеи сондай-ақ сайлауға қатысқандарға, соның ішінде ұйымдастыру, жарнамалау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жауапты адамдарға алғысын айтты.

Ислам революциясының жетекшісі сондай-ақ Иранның оңтүстік-шығысындағы Систан және Белуджистан облысының оңтүстік бөліктеріндегі су тасқыны мен халыққа келтірілген залалға тоқталды. Сондай-ақ мемлекеттік және үкіметтік емес секторлар жасап жатқан көмектердің жалғасуына және көмекке кіру мүмкіндігі барлар көмектесу үшін кіруі қажеттігін баса айтты.

Аятолла Хаменеи сондай-ақ Ағаш отырғызу күніне тоқталып, ағаш отырғызуды тиімді және пайдалы инвестиция деп атап: "Ағашта ауа оттегін арттыру және ластаушы заттармен күресу сияқты көптеген пайдасы бар. Сондықтан, бұл тиімді инвестиция, әсіресе, өкінішке орай, ластаушы заттар көбейген қазіргі автомобиль өмірінің жағдайында",- деді. Ол Ислам дінінің адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынасқа, сонымен қатар табиғатқа қамқорлық көрсетуге назар аударуын еске салды. Аятолла Хаменеи ағаш отырғызуға, соның ішінде зәйтүн көшетін отырғызуға көбірек назар аударту үшін үш көшеттін отырғызылуына тоқталып: "Палестинаның езілген және өте төзімді халқына ынтымақ пен жанашырлық білдіру үшін бүгін отырғызылған көшеттің бірі зәйтүн ағашы болды және бұл символдық әрекет шын мәнінде оларға сәлем беру болды",- деп айтты.Ислам революциясының жетекшісі зәйтүн көшетін отырғызумен қатар, елде өндірілген бір «Серро Лоусон» және бір «Анжили» көшеттерін отырғызды.

Иранда 5-12 наурыз аралығында «Табиғи ресурстар апталығы» деп аталады және осы аптаның бірінші күні (5 наурыз) Ағаш отырғызу күні болып табылады.

Тегтер