Нау 08, 2024 19:48 Asia/Almaty
  • Теһранда Палестинаны қолдауға арналған халықаралық гуманитарлық конгресс өтті

Кеше, бейсенбі Теһранда Иран жоғары сот төрағасының қатысуымен "Палестинаны басып алу және Газада адам құқығын бұзу мәселесі халықаралық құқық тұрғысынан" атты халықаралық конгресс өтті.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран жоғары сот төрағасы Мохсен Ежеи осы конгресте: "Бүгінде бар болмысына басқыншылық жасалған адамдар бар. Бірақ, өкінішке қарай, көптеген елдер бұған көз жұмып отыр. Бір ел өзін қорғап, халықаралық ұйымдарға шағым түсіріп, қарар қабылдатқысы келсе, агрессор алпауыт елдер оған вето жариялайды",-деді.  

Иран жоғары сот төрағасы: "Барлық жерде еркін қызмет көрсете алатын Қызыл жарты ай ұйымында Газаға кіруге рұқсат жоқ",-деді.

Ол: "Қазір кем дегенде атқара алатын ісіміз – Газа халқына қарсы жасалып отырған қылмыстарды әлемге көрсету. Адам құқығын қорғаушымыз деп жалған уәж айтатындардың кім екені тарихта тіркелуі керек",-деді.

Иран жоғары сот төрағасы әрі Адам құқығын қорғау штабының хатшысы Казем Ғарибабади осы форумда: "Газа секторында жасалған барлық қылмыстар сотпен қудалануы тиіс қылмыстық істер қатарына жатады",-деді.

Ғарибабади Ислам революциясы жетекшісінің сөздеріне тоқталып, сионистік режиммен қарым-қатынасты үзіп, оның тауарларына байкот жариялап, оған мұнай сатпау керегін айтты.      

Тегтер