Нау 09, 2024 18:42 Asia/Almaty
  • Палестинаның жақтаушысы аятолла Хаменеидің әлеуметтік желілерін бұғаттаған Кремний алқабындағы империяға наразылық

Иран Сыртқы істер министрі «Мета» компаниясының Ислам революциясы жетекшісінің Instagram және Facebook-тегі парақшаларын бұғаттау әрекетін сөз бостандығын бұзумен қатар қорлау, азғындық және заңсыз деп сипаттады.

 

Иран Сыртқы істер министрі Хұсейн Амирабдуллахиан Middle East Eye газетіне берген сұхбатында: "Кейбір батыстық талап қоюшылардың сөз бостандығы ұрандары – бос ұрандар және олардың заңсыз саяси мақсаттарын бүркемелеу",- деді.

Иран Сыртқы істер министрі Хұсейн Амирабдуллахиан

 

Амирабдуллахиан: "Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи Палестина мен Газаның езілген халқының әлемдегі ең көрнекті қолдаушысы болып табылады және Кремний алқабы империясы бұл дауыстың әлемнің қоғамдық пікіріне жетуіне кедергі жасай алмайды".

Ол: "АҚШ платформаларының соңғы 5 айда аятолла Хаменеи мен Газадан қоныс аударған халқын қолдаушылар мен 30 мыңнан астам палестиналық шәһидтердің сөздерін цензуралаудағы ақылға қонымсыз әрекеттері әлемдік ахлақ пен моральдық жүйенің күйреуін көрсететін белгілердің бірі болып табылады. Бұл компания өзінің заңсыз және әдепсіз әрекеттері үшін жауап беруі керек",- деп айтты.

 

 

 

Тегтер