Сионистік сарапшы: Йемендік зымыран Израильдің әлеммен байланысын үзді
(last modified Tue, 06 May 2025 10:16:10 GMT )
Maм 06, 2025 16:16 Asia/Almaty
  • Сионистік сарапшы: Йемендік зымыран Израильдің әлеммен байланысын үзді

ParsToday - Йемен қарулы күштерінің басып алынған жерлерге жасаған сәтті әуе шабуылдарынан кейін сионистік сарапшы басқыншы режимнің Санаға шабуылдарына қарсы қорғаныс жүйелерінің мүлдем тиімсіздігін әшкереледі.

ParsToday ақпарат агенттігінің IRNA-ға сілтеме жасап хабарлауы бойынша, «Маарив» газеті әйгілі әскери және қауіпсіздік сарапшысы Ави Ашкеназиге сілтеме жасай отырып, Йемен армиясының ұшқышсыз ұшақтарының бірі Ашкелон маңындағы электр қуатын өндіру стансасына соқтығысудан небәрі бірнеше метр жерде болғанын және бұл Тель-Авив үшін маңызды дабыл екенін анықтады.

Ашкенази Йеменнен соңғы бір жарым жылдағы кең ауқымды шабуылдарға тоқталып: «Йеменнен Израильге қарай ондаған зымыран мен ұшқышсыз ұшақтар ұшырылды және олардың барлығын тосқауыл қою мүмкін емес екені белгілі болды. Бұл қауіптерді тоқтату үшін Израиль аспанында қабырға тұрғызу мүмкін емес»,-деді.

Ол Йемен армиясының жетістіктерін бұрын-соңды болмаған нәрсе деп сипаттап: «Йемендіктер Израиль егемендігінің символдарының біріне зиянын тигізе алды және сонымен бірге Израильдің сыртқы әлеммен байланысын үзу деген стратегиялық мақсатына жетуде өте сәтті болды»,-деді.

Ашкенази сөзін былай деп жалғастырды: «Йемен армиясы 18 айдан астам уақыт бойы Баб әл-Мандаб бұғазындағы кеме қатынасын бұзып, коммерциялық кемелердің Эйлат портына кіруіне және тіпті олардың Суэц каналы арқылы Жерорта теңізіндегі Израиль порттарына өтуіне кедергі келтірді».

Ол сөзінің соңында: «Соңғы бір жарым айда Йемен шабуылдарының қарқындылығы артып, біз әуе блокадасының бір түрімен бетпе-бет келіп отырмыз. Израиль іс жүзінде әлемдегі оқшауланған аралға айналды»,- деді.

Бұл мәлімдемелер Йемен қарулы күштерінің ақпарат хатшысы Яхья Сари жексенбі күні мәлімдеме жасап, Палестина халқына қолдау көрсету және сионистік режимнің Газа халқын қырғынға ұшыратуын айыптау аясында Йеменнің зымырандық күштері Яффа (Тель-Авив) аймағындағы әскери операция кезінде Бен Гурион әуежайын нысанаға алғанын жариялағаннан кейін жасалды.

Ол операцияның гипер дыбысты баллистикалық зымыранмен жасалғанын және оның нысанаға тигенін айтты.

Йемендік зымыран Бен Гурион әуежайына тигеннен кейін халықаралық әуе компаниялары Тель-Авивке ұшуларын бірінен соң бірі тоқтатты.   Оккупацияланған аумақтардың аспанындағы ұшу қауіпсіздігінің ауыр дағдарысын көрсететін оқиға.