Иранофобиямен әлемді алдау; Германияның және Израильдің балаларды өлтіру режимін қолдайтын өтірікшілердің әрекеті
(last modified Sat, 09 Mar 2024 15:42:32 GMT )
Нау 09, 2024 21:42 Asia/Almaty
  • Иранофобиямен әлемді алдау; Германияның және Израильдің балаларды өлтіру режимін қолдайтын өтірікшілердің әрекеті

ИИР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы «Халықаралық фактілерді анықтау комиссиясы» деп аталатын механизм жариялаған баяндаманы айыптап, бұл баяндамадағы негізсіз уәждердің қайталануын заңды негізсіз және түбегейлі қабылдамады деп санады.

 

Насер Канан осы сенбіде кейбір батыс елдерінің Иранға фобия және Иранды жала жабу жобасын жалғастыру әрекеттеріне сілтеме жасап: "Кейбір батыс елдерінің, әсіресе Германияның адам құқықтарының күлкілі шоуымен және 1401 жылы желтоқсанда және Иранның ішкі тұрақсыздандыру жобасы сәтсіздікке ұшырағаннан кейін олар берген ақшамен құрылған Фактілерді анықтау комитеті деп аталатын топ фактілер мен өтіріктерді бұрмалаудың ұйымдасқан жиынтығын қамтитын есепті жариялау арқылы шындықты аныұмаса түгіл, фактілерді мақсатты түрде төңкеріп жіберді",- деді. Канани Иран сионистік режимнің, АҚШ және кейбір батыс елдерінің жобасымен құрастырылған бұл есепті адам құқықтарының трансцендентальды тұжырымдамалары мен құндылықтарын болашақты ілгерілету үшін теріс пайдаланудың айқын мысалы деп санайтынын айтып: "Халықаралық фактілерді анықтау тобы» деп аталатын топ соңғы баяндамасын ұсыну арқылы неміс, британдық, американдық және сионистік құрылтайшылардың күн тәртібіне сәйкес әрекет ететінін және олардың жалақысын алып, БҰҰ адам құқықтарын қорғау тетіктерін жоғарыда аталған режимдердің сұмдық және заңсыз мақсаттарының ойыншығына айналдырды",- деп мәлімдеді.

ИИР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы: "Халықаралық фактілерді анықтау тобы" деп аталатын топтың негізін қалаушы елдер ИИР қауіпсіздігі мен тұрақтылығына және 1401 жылғы тәртіпсіздіктерге араласпағандарына ашуланып, осы хабарды жариялау арқылы Иран ұлтынан кек алуды көздейді",- деді.