Нау 11, 2024 21:30 Asia/Almaty
  • Иран армиясы мен Сақшылар корпусының бас қолбасшыларына

Бүкіл күштердің бас қолбасшысы аятолла Хаменеи Иран армиясының бас қолбасшысы генерал-майор сейіт Абдулрахим Мусави мен Сақшылар корпусының бас қолбасшысы генерал-майор Хұсейн Саламиге "Фатх" (Жеңіс) белгісін табыс етті.

Бұл белгі Иран армиясы мен Сақшылар корпусының қолбасшыларына қарулы күштердің жауынгерлік, қорғаныс және тежегіш қуатын арттыру жолындағы еңбектері үшін берілді.

"Фатх" (Жеңіс) белгісі ислам жауынгерлерінің жемісті операцияларының символы ретінде бекітілген. Белгіде пальма ағашының үш жапырағы, Хоррамшахр қаласының орталық мешітінің күмбезі мен ИИР туының суреті салынған.   

 

Тегтер