Нау 12, 2024 20:18 Asia/Almaty
  •  Амирабдуллахиан: Палестина ислам әлемінің басымдықтарының басында тұр

ИИР Сыртқы істер министрі Хұсейн Амирабдуллахиан жолдауында қасиетті Рамазан айының келуімен құттықтап, Палестина мәселесін ислам әлемінің басым бағыттарының бірі деп атады.

 

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Амирабдуллахиан жолдауында былай деп айтылды: Газадағы оқиғалар Палестина мәселесінің мұсылмандардың ортақ ісі екенін және ислам әлемінің басымдықтарының басында екенін көрсетті. Қасиетті Рамазан айы ислам елдері үшін бірлік пен жан-жақты жақындасу аясында сионистік апартеид режимінің Газадағы геноцид пен соғыс қылмыстарын тоқтату үшін тиімді бастама көтеру үшін тамаша мүмкіндік бола алады". Осы жолдаудың соңында Хұсейн Амирабдуллахиан қарсыласу мен Палестина халқын осы саланың негізгі жеңімпаздары деп санады.

                                                                                                                                                                             

 

Тегтер