Нау 15, 2024 16:45 Asia/Almaty
  •  Иранға 300 мыңнан астам халықаралық студенттерді тарту бағдарламасы

Иранның Студенттер ісі жөніндегі ұйымының басшысы Хашем Дадашпур кем дегенде 300 000 халықаралық студентті тарту үшін 200-ден астам ирандық университетке рұқсат берілгненін хабарлады.

 

Дадашпур Шәһид Бехешти университетінде өткен екінші Сорая ұлттық фестивалінде: «Иран университеттеріндегі жоғары ғылыми дәрежелер мен ғалымдардың арқасында елдің 200-ден астам университеті Студенттік істер ұйымынан халықаралық студенттерді тартуға рұқсат алды және алдағы бес жылда 320 000 халықаралық студентті оқуға аламыз деп үміттенеміз",- деді.

Иран Студенттер істері ұйымының басшысы елдер арасындағы мәдени айырмашылықтарды қабылдауымыз керек деп тоқталып: "Кез келген елден Иранға кірген студент өз елінің координаттарымен Иранда пайда болады және Иран университеттерінде олардың қатысуы үшін қажетті дайындық бар",- деп мәлімдеді.

 Ирандағы шетелдік студенттер

Қазіргі уақытта Иранда 32 облысында 2183 жоғары білім беру орталығы бар.

Бұл мақала Mehr ақпарат агенттігінен алынды.

 

Тегтер