Канани: Сионистер Иранды бөлшектеу арманын өздерімен бірге көрге алып кетеді
(last modified Sun, 17 Mar 2024 13:39:39 GMT )
Нау 17, 2024 19:39 Asia/Almaty
  • Канани: Сионистер Иранды бөлшектеу арманын өздерімен бірге көрге алып кетеді

ИИР СІМ-нің баспасөз хатшысы сионистік режимнің қауіпсіздік қызметінің бұрынғы қызметкері Мордехай Кейдардың Иранды бөлшектеу туралы сөздеріне реакциясында: "Бұл арманды өздеріңмен бірге көрге алып кетесіңдер",-деді.

Насер Канани сенбі күні әлеуметтік желіде: "Сионистік режимнің қауіпсіздік қызметінің бұрынғы қызметкері әрі "Бегин-Садат" стратегиялық зерттеулер институтының мүшесі Мордехай Кейдар "Иранды бөлшектеп, 6 елге айналдыру керек" депті. Бұл бейшара сионист бұған дейін де сионистердің кейбір көршілес елдерге әскери шабуылдарын қолдап, "Иранның парша-паршасын шығару керек" деген болатын",-деп жазды.

Насер Канани: "Иранды бөлшектеу арманы өткен 40 жылдағы басқа жалған армандармен қоса, Газа секторында халықтық қарсыласу күштеріне қарсы тұра алмай, жеңілістерінің қарымын қайтару үшін әйелдер мен балаларды қырып жатқан қылмыскерлермен бірге көрге көміледі",-деді.