Нау 17, 2024 20:22 Asia/Almaty
  • Иран мен Түркияның Кеден басқармаларының басшылары кездесті

Иран мен Түркияның Кеден басқармаларының басшылары жиналыс өткізіп, екі ел арасында сауда айналымын жеңілдетіп, дамытуға қатысты практикалық іс-шаралар бағдарламасын талқылады.

Бұл отырыста бұрын қол қойылған келісімдердің орындалу барысын талқылау және жаңа меморандум мен практикалық жоспарларға қол қою Иранның Экономикалық министрінің орынбасары әрі Кеден бас басқармасының басшысы Мұхаммед Резванифар мен Түркияның Сауда министрінің орынбасары әрі  Кеден бас басқармасының басшысы Сезай Учармактың күн тәртібіне қойылды.

Түркияда өткен жиналыста Мұхаммед Резванифар Иранның сауда қатынасында Түркияның айрықша рөл ойнайтынын айтып: "Иран тауарларының 9 пайызы Түркияға экспортталады. Иранға импортталатын тауарлардың 12 пайызы Түркиядан келеді. Сондықтан келісімдердің орындалуын қадағалап, жаңа бағдарламалар жасау керек",-деді.  

 

Тегтер