Әли Акбар Қеличтің Рамазан айына қатысты жаңа бейнебаяны шықты
Рамазан айымен бір мезгілде және Наурыз мейрамының қарсаңында Әли Акбар Қеличтің орындауында "Позитивті энергия" атты бейнебаян жарық көрді.
"Позитивті энергия" бейнебаяны рамазандық көңіл-күйде парсы және түрік тілдерінде жазылып, Рамазан-1445 және Наурыз мейрамының қарсаңында жарияланды.
Бейнебаянның сазгері әрі әншісі – Әли Акбар Қелич. Ал сөзін Саид Пашазада жазған. Әннің бір бөлігінде Алла тағала позитивті энергия көзі ретінде таныстырылып, Алламен байланыс адамның ең негізгі қажеттілігі деп айтылған. Басқа бір бөлігінде Рамазан айы беретін рухани мұрсаттарға тоқталып, адамдардың қолы Құдайдың рақымы мен берекесіне жететіні айтылған.
"Позитивті энергия" әнінің мәтіні:
Мейірімдім, бәрі кетсе де, сен қаласың
Мейіріммен өмірімнің беттерін парақтайсың
Бойым биік армандарыма жете алмаса да,
Бос қолымды аспандарға жеткізесің, әдемі айым!
Саған сенемін позитивті энергиям, Алла!
Дертім де, дәрменім де өзіңсің!
Көп сөйлесем, сабырмен тыңдайтының жақсы
Қай жерде керек болса,
Сенің құшағың ашық, махаббатың құпия толы
Тәкаппарлығымнан шаршадым, ей, сабырлы ғашығым
Саған жақын не алыс болсам да, қайғырмаймын.
Сенің үйіңнен басқа жерде еш хабар жоқ.