Нау 20, 2024 17:55 Asia/Almaty
  • Раиси: 1403 жыл өндіріс көлемі артқан жыл болады

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, ИИР Президенті Сейед Ибрахим Раиси Жаңа күн жылының (1403) басталуымен байланысты теледидар жолдауында өткен жылдың әртүрлі салалардағы өзгерістеріне газар аудартып: "1402 жыл маңызды оқиғаларға толы болды",- деді.


Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, ИИР Президенті Сейед Ибрахим Раиси Жаңа күн жылының (1403) басталуымен байланысты теледидар жолдауында өткен жылдың әртүрлі салалардағы өзгерістеріне газар аудартып: "1402 жыл маңызды оқиғаларға толы болды. Тәтті де, ащы да оқиғалар болды, бірақ өткен жылғы оқиғалардың нәтижесі Иранның барлық салалардағы өсуі болды. Үш жыл қатарынан ел 4%-дан жоғары өсуді бастан кешірді, ал 90-шы жылдардағы орташа экономикалық өсу 1%-дан аз болды. Халықтың қолдауымен 1403 жыл өндіріс пен экономиканың өркендеу, инфляция деңгейін одан әрі төмендету және ирандықтарға кең қызмет көрсету жылы болып табылады",- деп мәлімдеді.

Раиси дұшпанның исламдық Иранға шабуыл жасау әрекетіне тоқталып: «Халықтар мен қайраткерлердің бірлігі, жанашырлығы мен серігі исламдық Иран дұшпандарының сәтсіздікке ұшырауына себеп болды",- деп айтты.

ИИР Президенті аймақтағы өзгерістер мен Газадағы соғысқа шолу жасап, сионистік режимнің қылмыстарын айыптап, палестиналықтардың сионистік дұшпанға қарсы ұстанымын мадақтап: "Әлемнің залымдары сионистерге Газада екі миллион адамды өлтіру үшін ең заманауи тас жаратын бомбалардан бастап миллиардтаған долларға дейін ақша берді, бірақ олар сәтсіздікке ұшырады",- деді.


 

 

 
  
 

 

Тегтер