Біз Израильді міндетті түрде жеңеміз
(last modified Wed, 27 Mar 2024 11:50:09 GMT )
Нау 27, 2024 17:50 Asia/Almaty
  • Біз Израильді міндетті түрде жеңеміз

Сионистік режимнің лаңкестік тізіміне енген Палестина Исламдық жиһад қозғалысының бас хатшысы кеше сейсенбі күні Теһранның "Азади" стадионында 100 мың ирандықтың басқосуында Иран Ислам Республикасының Палестина халқына қолдауы мен қарсыласуын жоғары бағалап, Палестина халқының Құран, Ислам және Иранның қолдауының арқасында сионистік режимді жеңетінін қуаттады.

Бұл рәсімде Зияд ан-Нахле қасиетті Құран мұсылмандарды біріктіргенін және Палестина халқының жүректерінің Иран халқымен бірге екенін айтты.

Кеше, сейсенбі күні Теһранның «Азади» стадионы Исламның ұлық пайғамбарының немересі имам Хасан Моджтабаның (ғ.с.) туған күнінде «Имам Хасанның сүйіспеншілерінің Құран жиынына» ондаған мың адамның басқосуына куә болды.

"Азади" стадионында 100 мың ирандық имам Хасан Моджтабаның (ғ.с.) туған күнінің  рәсіміне жиналды
"Азади" стадионындағы рәсімге ораза ұстаған қыздардың қатысуы
 "Азади" стадионында ирандықтардың қолында Иран мен Палестина тулары

 

Израиль режимі 2023 жылдың 7 қазанынан бастап Батыс елдерінің толық қолдауымен Газа секторы мен Иордан өзенінің батыс жағалауында қорғансыз және қысым көрген Палестина халқына қарсы жаңа жаппай қырғын бастады.

Соңғы мәліметтерге қарағанда, сионистік режимнің Газаға жасаған шабуылдарында 32 мыңнан астам палестиналық шәһид болып, 74 мыңнан астамы жараланды.