Нау 29, 2024 16:59 Asia/Almaty
  • Аятолла Хаменеи: Әйелдер мен балалардың өлтірілуі сионистік режимнің қарсыласумен күресудегі  дәрменсіздігін көрсетеді

Ислам революциясының жетекшісі Палестина Исламдық жиһад ұйымының бас хатшысы Зияд ән-Нахала және онымен бірге келген делегациямен кездесуінде қарсыласу күштері мен Газа халқын осы сәтке дейін жеңіске жеткен деп атап: "Газа мен Палестина халқының абыройы мен мәртебесінің биіктігі және сионистік режимнің осы алты айға созылған соғыстағы сәтсіздіктері илаһи оқиға мен құбылыс",- деп қуаттады.

  

Аятолла Хаменеи осы отырыста сионистік режимнің Газа халқын өлтірудегі қылмыстарына тоқталып: «Сионистік режимнің барлық әскери техникасымен және әлемнің жауыз державаларының қолдауымен әйелдер мен балаларды өлтіріп жатқаны бұл режимнің қарсыласу күштерімен қарсы тұруға және оларды жеңуге қауқарсыз екенін көрсетеді",- деп мәлімдеді.

Ислам революциясының жетекшісі Палестина Исламдық жиһад ұйымының бас  хатшысына: «Алланың рақымымен Газа  халқының соңғы жеңісін көресіздер",- деді.

Осы отырыста Палестина Исламдық жиһадының бас хатшысы   ИИР-ның Палестина мәселесіне берген қолдауын жоғары бағалап, шәһид Сардар Сүлейманиді еске алып: "Бүгінгі Газада болып жатқан оқиғалар шын мәнінде Кербала оқиғасының қайталануы болып табылады және  Газа халқы барлық қиындықтар мен қастандықтарға қарамастан қарсыласу күштерімен бірге Америка мен сионистік режим мен олардың қолдаушыларының қарсыласуды жою жоспарын өздерінің бірегей ұстанымдарымен жеңе алды",- деді.

Зияд ан-Нахала  қарсыласу күштерінің, әсіресе ХАМАС пен Исламдық жиһадтың толық үйлестіруіне тоқталып: "Газа халқы мен қарсыласу күштері түпкілікті жеңіске дейін табандылығын жалғастырады және Алланың рақымымен соңғы жеңіске жақын арада қол жеткізілетін болады",- деп баса айтты.

 

 

Тегтер