Сәу 01, 2024 18:14 Asia/Almaty
  • Иран халқы хазірет Әлидің (ғ.) шәһид болған күніне орай қара жамылды

Исламдық Иран хазірет Әлидің (ғ.) шәһид болған күніне орай аза тұтып жатыр.

Х.ш.ж.с.б. 1403 жыл 13 фарвардин, сәйкесінше х.қ.ж.с.б. 1445 жыл 21 рамазан – Мүміндердің әмірі хазірет Әли ибн Әбутәліптің (ғ.) шәһид болған күнінің жылдығы.

Исламдық Иранның түкпір-түкпіріндегі мүмін халық кеше кешке екінші Қадір түніне орай діни рәсім өткізіп, хазірет Әлиді (ғ.) еске алып, көздеріне жас алып, аза тұтты.

Әһл-е Бейтке ғашықтар бүгін Иранның түкпір-түкпірінде хазірет Әлидің (ғ.) шәһид болған күніне орай көшеге қара жалаулар іліп, хұсейниелер, текиелер мен мешіттерде қара жамылып, әлемде әділет талап етушілердің көшбасшысын еске алды.

 

Тегтер