Үкімет Иран халқының құқығын қорғауын жалғастырады
(last modified Tue, 17 May 2016 15:05:06 GMT )
Maм 17, 2016 21:05 Asia/Almaty
  • Үкімет Иран халқының құқығын қорғауын жалғастырады

ИИР президентінің орынбасары үкіметтің Иран халқының құқығын қорғауының жалғасатынын айтты.

Президенттің орынбасары әрі Иран үкіметінің ақпарат хатшысы Мұхаммад Бағер Ноубахт сейсенбі күні тілшілерге берген сұхбатында ислам кеңесі мәжілісінің үкіметті жылдар бойы Америка тарапынан Иран халқына келтірілген шығындар мәселесін қарастыруға міндеттеу негізіндегі жобасына сілтеме жасап: «Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің шешімдері негізінде шаралар атқарылған. Қазір Иранның сот мекемелері америкалық тараптарға қарсы ондаған млрд доллар үкім шығарған. Иран үкіметінің бұл мәселені қарастыруы үшін еш кедергі жоқ» деді.

Иран үкіметінің ақпарат хатшысы сондай- ақ Теһранда Канаданың Ирандағы елшілігінің қайтадан ашылуы туралы: «Канада үкіметі Иранға қатысты өзінің бұрынғы үкіметінің шешімін сынап, Теһрандағы өз елшілігін қайтадан ашуға мүдделі. Иран да осы тақырыпқа оң қабақ танытып отыр» деді.

ИИР президентінің орынбасары ирандықтардың биылғы қажылық рәсіміне қатысуы туралы: «Сауд Арабиясы осы уақытқа дейін ирандықтар үшін биылғы қажылық үшін жағдай жасаған жоқ» деді.