Сәу 16, 2024 18:11 Asia/Almaty
  • Амирабдуллахиан ШЫҰ Бас хатшысымен Батыс Азия аймағындағы соңғы өзгерістерді талқылады

Иран Сыртқы істер министрі мен Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы телефон арқылы сұхбатта Батыс Азия аймағындағы соңғы өзгерістерді талқылады.

 

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иран Сыртқы істер министрі Хұсейн Амирабдуллахиан  Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Чжан Минмен аймақтағы соңғы оқиғаларды талқылады.

Чжан Мин ШЫҰ-ның Израиль режимінің Дамасктегі Иран елшілігінің консулдық бөліміне шабуылын ашық айыптауына сілтеме жасап,  Ұйыға мүше барлық елдердің аймақтағы қазіргі жағдайға алаңдаушылық білдіріп, қауіпсіздіктің қайтарылуын талап ететінін айтты.  

ШЫҰ Бас хатшысы ИИР-ның аймақтағы бейбітшілік пен қауіпсіздікке қол жеткізудегі талпыныстарын жоғары бағалап, Газа секторындағы соғысты тоқтату, Палестина жағдайын қалыпқа келтіру және көмектесу үшін халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуді қуаттады.  

 

Тегтер