Имам Хомейни – сионизм құбылысына қарсы күрестің басты жетекшісі
Иранда имам Хомейни(р.) бастаған революцияда шах құлап, исламдық жүйенің орнауы сионистердің экспансиялық мақсаттарын қатты қатерге ұшыратқан алғашқы ауыр соққы болды.
Ирандағы Ислам революциясының жеңісі мұсылмандардың сионизмге қарсы күрестерінің әртүрлі салада күшеюіне себеп болып, палестиналықтардың күресінің бағытын өзгертті. Шах режимі Батыс Азия аймағында Батыс елдері мен Израильдің күшті одақтасы болып саналды. Иран шах кезінде Израильдің тауарлары мен өнімдерін жаппай импорттайтын, сөйтіп басқыншы режимнің экономикасын көтеретін. Сондай-ақ шах Израильді қажет мұнаймен қамтамасыз ету туралы бұйрық шығарып, режимге көмектесуге асықты. Иран мұнайы Израильдің өндірістік кешендерінде оқ пен қаруға айналып, палестиналықтардың кеудесіне қадалды. Иран Израильдің тыңшылық операцияларын жүргізіп, аймақтағы арабтарды бақылайтын базасына айналды.
Шахтың Израильмен жасырын және ашық қарым-қатынасын әшкерелеу және шах режимінің мұсылмандардың ортақ жауына аянбай көмектесуіне қарсы тұру имам Хомейни көтерілісінің мақсаттарының бірі болды. Имам Хомейни былай деді:
"Бізді шахқа қарсы қойған нәрселердің бірі – оның Израильге көмектесуі. Мен әрдайым айтып келемін: Шах Израиль құрылғаннан бастап онымен әріптестік жасады. Израиль мен мұсылмандар арасында соғыс шарықтау шегіне жеткен кезде шах бұрынғыдай мұсылмандардың мұнайын Израильге беріп отырды. Мұның өзі менің шахқа қарсы шығуыма себеп болды".
Иранда шах құлап, исламдық жүйенің орнауы сионистердің экспансиялық мақсаттарын қатты қатерге ұшыратқан алғашқы ауыр соққы болды.
Ислам революциясының жетекшісі жолдауының қоғамдық пікірге әсері терең болғаны соншалықты, Анвар Садат Кэмп-Дэвидте ымыраға келу шартына қол қойған кезде Египет үкіметі Араб лигасынан, тіпті реакцияшыл араб режимдері қатарынан қуылып, толық оқшауланды.
Құдсты басып алған режимнің басты демеушілері АҚШ пен Еуропа мемлекеттері имам Хомейнидің қозғалысына қарсы тұра алмай, Ислам революциясын ауыздықтау үшін тіпті өзінің шығыс бәсекелесі Кеңес одағына жақтасты. Жақтастықтың белгісі Саддамды Иран жеріне шабуыл жасауға итермелеуі және ұзақ мерзімді соғыста Баас режимін жан-жақты қолдауы болды.
Таңылған соғыс Иранды бөлшектеп, Ислам революциясын жою мақсатында басталды. Ислам республикасы дұшпандармен күресіп, әлемдегі езілген халықтарды азат етіп, "Бүгін Иран, ертең Палестина" деген ұранын орындауды көздегендіктен, өз болмысын қорғау үшін таңылған соғысқа қатысуға мәжбүр болды. Батыс және Шығыс елдері басшыларының мойындауынша, бұл соғыс Ислам революциясын жою және мұсылман халықтарды көтеріліс туралы ойлаудан мүлде үмітін үзу үшін басталды. Осылайша дұшпандардың арандатуы салдарынан Саддам ұзақ та ащы оқиғаны басқарды. Имам Хомейни бұл жайлы былай дейді:
"Өкініштісі, АҚШ сияқты алпауыттар Саддамды алдап, бізге шабуыл жасату арқылы Иранды өзін-өзі қорғаумен айналыстырып қойды. Сол кезде Израиль "Нілден Ефратқа дейінгі Үлкен Израильді құру" жобасын орындауға мұрсат алды".