Технологиядан ауыл шаруашылығы мен құрылысқа дейін/ Иранның Африканың 39 еліне экспорт және инфрақұрылымдық қызметтері
(last modified Sat, 04 May 2024 12:47:32 GMT )
Maм 04, 2024 18:47 Asia/Almaty
  • Технологиядан ауыл шаруашылығы мен құрылысқа дейін/ Иранның Африканың 39 еліне экспорт және инфрақұрылымдық қызметтері

Иранның Өнеркәсіп, тау-кен және сауда үйінің Сауданы дамыту комиссиясының баспасөз өкілі 1402 жылы ирандық тауарлардың Африканың 39 еліне экспорты туралы хабарлады.

Сейед Рухолла Латифи екінші Иран-Африка халықаралық саммитімен бір мезгілде 1 миллиард 300 миллион халқы және 54 мемлекеті бар бұл құрлықтың сауда-экономикалық қарым-қатынастар саласында үлкен мүмкіндік екенін айтып: "Иран ауылшаруашылық өнімдерін өндірудегі энергетика, технология және механикаландыру, инвестициялау және шахталар, бөгеттер сияқты инфрақұрылымдарды жобалау және салу, жол құрылысы мен құрылыс жобалары, мұнай өңдеу зауыттарын күрделі жөндеу және газ өндіру салаларында осы континенттің қажеттіліктерін қанағаттандыра алады",- деді. Иранның Өнеркәсіп, тау-кен және сауда үйінің Сауданы дамыту комиссиясының баспасөз өкілі 1402 жылы Иранның Африка құрлығына экспортының әртүрлілігіне тоқталып, былай деді: "Биылғы жылы Иранның осы құрлықтың шығысы, батысы, солтүстігі мен оңтүстігіндегі экспорты ерекше дамып, осы құрлықтағы 39 ел ирандық тауарларды тікелей экспорттайтын орын болды".

Латифи сонымен қатар 1402 жылы Иранның Африка елдері Алжир, Мысыр, Ливия, Тунис, Джибути және Мағриб елдеріне экспортының өсуін жариялады: "Биыл Ираннан Гана 173,5 миллион доллар, Оңтүстік Африка 145 миллион доллар, Танзания 92,8 миллион доллар, Кения 48,7 миллион доллар, Нигерия 48 миллион доллар, Мозамбик 47,1 миллион доллар және Сомали 33,3 миллион   доллармен ирандық тауарларды осы континентке тікелей экспорттаған алғашқы жеті бағыт болды".

Иранның Өнеркәсіп, тау-кен және сауда үйінің Сауданы дамыту комиссиясының баспасөз өкілі сөзінің жалғасында 1402 жылы осы континенттегі 22 ел Иранға тікелей тауар сатушылар болғанын айта келе: "19 миллион доллар сатумен Оңтүстік Африка,  12,5 млн доллар Замбия, 12 млн доллар Гана, 11,7 млн доллар ​​Сейшель,  9,5 млн доллар Кения, 6,1 млн доллар Танзания және 4,1 млн доллармен Уганда биылғы жылы Африка құрлығы елдерінің ішінде Иранға бірінші болып тауар сатқан жеті ел",- деп айтты.

ИИР Президенті Ибрахим Раиси өткен жұмада 30-дан астам Африка елінің жоғары экономикалық қайраткерлерінің қатысуымен Теһранда өткен Иран мен Африканың екінші халықаралық отырысында Африкамен ынтымақтастықты имам Хомейни (р.а.) және имам Хаменеи ерекше атап өткенін айту арқылы: "Батыстықтар Африканы өздері үшін қалайды, ал біз Африканы Африка үшін қалаймыз",- деді.

"Батыстықтар Африканы өздері үшін қалайды, ал біз Африканы Африка үшін қалаймыз".