Maм 13, 2024 13:52 Asia/Almaty
  • Иран Ислам революциясы отаршылдардың Батыс Азиядағы ойынын қалай бұзды?

Иранды қолдан шығарып алған әлемдік алпауыттар Ислам революциясының жаһандық жолдауы барын, жетекшісінің отаршылдыққа қарсы еркіндік сыйлайтын революцияны экспорттау жолында әлемде жапа шегіп, езілген халықтардың жүрегінде үміт отын жаққанын, мұсылман және мұсылман емес күрескерлер үшін үлгіге айналғанын бірден түсінді.

Иранда Ислам революциясы жеңіске жеткен күннің ертеңінде Батыстың көптеген сарапшылары мен басшылары түрлі баяндамаларында революцияның тез арада жойылатынын уәде етті. Негізгі сұрақ мынадай: Иран революциясына осыншалықты назар аудару және оны сараптау қайдан бастау алады?​​​​​Бұл сұраққа жауап беру үшін алдымен революция заманына шолу жасау керек. Ол кезде АҚШ әлемге үстем етіп отырған алпауыт ретінде Батыс Азия сияқты стратегиялық маңызды аймақта қосбағанды саясат жүргізген. Бірінші бағаны – Иран және Пехлеви үкіметі. Екінші баған – исламофобия және "ағартушылық" деген атпен діни символдарды жою жобасы. Бұл жобаны Ататүрк Түркияда бастады, Иранда Пехлевилер жалғастырды. Батыс саясаткерлері мен теоретиктерінің дін мен руханияттан ада аймақ құрып, онда отаршылдық жобаларын жүзеге асыру арманы орындалып келе жатқан еді.

 

Ирандағы Пехлеви үкіметі Батыс елдері бұйырған саясатты орындау арқылы олардың Батыс Азия аймағындағы мүдделерін қамтамасыз етті.

Мұнымен қоса, аймақтың мұсылман халықтары билеушілер деспотизмінің ең ауыр кезеңінде тұншығып жатқан еді. Кейбір елдерде болған шектеулі қозғалыстар ауыр жеңіліске ұшырап, революционерлер басып-жаншылды.Мұның бәрінен маңыздысы: Батыс Азия Ислам революциясы жеңіске жетерден 30 жыл бұрын Еуропа мен АҚШ басшылары тарапынан жобаланған "сионистік режим" деп аталатын қатерлі құрылыммен арпалысып жатқан еді. Олар "Нілден Ефратқа дейін" идеясымен Ислам әлемінің жүрегіне шабуыл жасап, мұсылмандарды бұрыннан да көбірек тұтқындық құрсауына алып жатқан.Осындай жағдайда Иранда Ислам революциясы жеңіске жетті. Басты ұраны – "Батыс та емес, Шығыс та емес". Халықтың әлеуметтік топтарының бәрі революцияның жүзеге асуына атсалысты. Діни еліктеу үлгісі имам Хомейни революцияға жетекшілік етті. Ол революция жеңіске жеткенге дейін ұзақ жылдар бұрын заңсыз Израиль режимінің құрылғанына былайша реакция білдірген:

"Мен діни міндетіме сәйкес Иран халқы мен әлем мұсылмандарына ескертемін: Құран Кәрім мен исламға қатер төніп тұр".

Иранды қолдан шығарып алған әлемдік алпауыттар Ислам революциясының жаһандық жолдауы барын, жетекшісінің отаршылдыққа қарсы еркіндік сыйлайтын революцияны экспорттау жолында әлемде жапа шегіп, езілген халықтардың жүрегінде үміт отын жаққанын, мұсылман және мұсылман емес күрескерлер үшін үлгіге айналғанын бірден түсінді.

Өткен қырық жылда Батыс Азия аймағы куә болған нәрсе – екі дискурстың текетіресі. Бірі – халыққа арқа сүйеп, Ислам дінінің өзгеріс тудыратын тағылымдары саясында оларды оятуға бағытталған қозғалыс. Ол Батыстың бұйрықтарын орындайтын қолшоқпарлар енгізгісі келетін импорттық ойларымен күресіп, жаңа жүйе құруға тырысады.

Батыстықтар бір күні Үлкен Батыс Азия туралы, басқа күні Жаңа Батыс Азия жайлы сөз сөйлеп, үшінші күні лаңкестікке қарсы күресу сылтауымен лаңкестік топ құрады, тағы бір күні азаттық атымен  өздері билікке әкелген күштерді құлатып, бір тәуелсіз елді Еуропа мен АҚШ-тан жіберіген сарбаздардың тұтқынына айналдырады. Бұл жоба-жоспарлар мен әскер кіргізулердің бәрі бір шындықты көрсетіп отыр: "Қазіргі таңда ірі алпауыттар Батыс Азия аймағында жер жастанып қалды".

70 жыл бұрын қорлап, қоқан-лоқы жасап Палестинаның қасиетті жерінде жалған сионистік режимнің тұқымын сепкен Батыс елдері содан шығатын ағаштың саясында өзеннен теңізге дейінгі аралықты өзінің үстемшіл-отаршыл идеяларының құрсауына алуды көздеді, бірақ қазір өздері Ислам революциясы аясында тәрбиеленген әрі отаршылдыққа қарсы күштерден қорғану үшін өз территориясын айнала дуал салуға мәжбүр болып отыр.

Имам Хаменеи биылғы жылдың басында ХАМАС-тың саяси кеңсесі басшысымен кездесуінде: ИИР Палестина халқы мен Газадағы  қарсыласу күштерін қолдау мәселесінде еш күмәнданбайды.

Көптеген мүмкіндіктерге ие араб армиясының сионистік режимнен қайта-қайта жеңілуі және оған керісінше қарсыласу өзегінің соңғы онжылдықтарда жеткен жетістіктері Иран Ислам революциясының Палестинаға қатысты дұшпандардың жобаларын өзгертіп, оны Ислам әлемінің бірінші мәселесіне айналдырудағы маңыздығын айқын көрсетеді.

Артық айтқандық емес, 1979 жылы Иранда Ислам революциясы жеңіске жетпегенде және ИИР "Қай жерде қаналған халық бар, жеңіс қажет болса, біз сол жердеміз" деген ұранын жарияламағанда мұсылмандардың алғашқы құбыласынан өкінішке толы тарихтан басқа ештеңе қалмай, аймақта Израиль билік жүргізетін еді.

Қазіргі таңда зұлымдыққа қарсы тұрып, жапа шеккендерді қолдауды өз міндеті санайтын Иран Ислам революциясының біртұтас көзқарасының арқасында Батыс Азияда исламдық ояну кеңінен таралып, отаршылдарға ауыр соққы берілді.

Дереккөз:Мұхаммед Мехди Рахими, Батыс Азия: Иран Ислам революциясы болмағанда.

Тегтер