Рухани: Күту – исламдық қоғамды алға ілгерілететін ең маңызды фактор
ИИР Президенті пайда болу мен күтуді адамзаттың, әсіресе мұсылмандардың, соның ішінде шиіттердің өмірін үмттендіретін және алға ілгерілететін ең маңызды факторлар деп атады.
Иран Президенті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, ИИР Президенті Хасан Рухани сейсенбі күні Мәдени революция жоғары кеңесінің отырысында сөйлеген сөзінде: «Барлық илаһи діндер құтқарушының келуіне және әлемнің соңында шындықтың жалғандықты жеңіп, әділ үкіметтің орнатылатындығына сенеді. Маһдавият – исламдық қоғамның шаттығы, алға ілгерілеуі және үміті. Сондықтан күту мәдениетін тәрбие саласына дұрыс тарату қоғамның кемелдікке қарай ілгеруілеуінде маңызды рөл атқарады»,- деді.
Мәдени революция жоғары кеңесінің басшысы сонымен бірге Хуррамшаһр жеңісінің жылдығының хазірет Мәһди (ғ.с.)-ның туған күнімен тұспа-тұс келуін мүбәрәк оқиға деп атап, таңылған соғысқа тоқталып: «Ислам жаунгерлерінің Хуррамшаһр әрекетіндегі таңырқатқан жеңісі Иран халқының жанкештілігі, ұлттық абыройы мен ғиззатының белгісі»,- деп қуаттады.
Иран Президенті Абдолали Әли Әскаридің Иран Телерадио бірлестігінің жаңа басшысы және Мәдени революция жоғары кеңесінің жаңа мүшесі ретінде сайлануын құттықтап: «Иран Телерадио бірлестігі оның басшылығы кезінде ұлттық маңызды міндеттерін күннен күнге табысты орындайтын болады»,- деген үміт білдірді.