Иран және Қытай: Шығыс әлемінің әдемі және төзімді өркениетінің өкілдері
(last modified 2024-05-31T12:04:39+00:00 )
Maм 31, 2024 18:04 Asia/Almaty
  • Иран және Қытай: Шығыс әлемінің әдемі және төзімді өркениетінің өкілдері

Иран мен Қытай бірнеше мың жылдық тарих бойы бейбітшілік пен қауіпсіздіктің хабаршысы болды және осы адамзаттық көзқарас Жібек жолын құруға негіз болды.

 

«Иран мен Қытайдың мәдени мүмкіндіктері мен тарихи алмасулары» атты мамандандырылған отырыста Иран мен Қытай мәдениеттерінің қарым-қатынасы талқыланды және біз оның маңызды тұстарының түйінін осы жерде қарастырамыз.

«Иран мен Қытай, мәдени мүмкіндіктер мен тарихи алмамісулар» мамандандырылған кеңесінің хатшысы Амир Резаи-Панах:

Халықаралық жүйенің атмосферасы әрқашан билікке негізделген. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін бірте-бірте мәдениет сияқты басқа да ұғымдар мен өлшемдер назарға алынды, бүгінде біз мәдени және бірегейлік идеяларының күшеюіне куә болып отырмыз. Егер бір кездері халықаралық жүйеде полюстер туралы сөз болса, бүгін біз міндетті түрде географиялық емес, мәдени және бірегейлік болып табылатын «аймақтар» туралы айтамыз. Иран мен Қытай халықаралық жүйеде гегемония түсінігін қабылдамайтын және тарих бойы болған қарым-қатынастарынан бөлек, оларды жақындастыратын рационалдылыққа ие екі ел».

Мен Қытайдағы ирандықпын!

Дж.К.Юн, Қытай университетінің ирантану орталығының директоры:

Құрметті ирандық бауырлар! Мен қытайлық зерттеуші емеспін, Қытайдағы ирандықпын. Мүмкін менің бетім қытайлық, бірақ жаным ирандық. Мен 32 жыл бойы Иранның мәдениеті мен тарихын зерттеп, оған тәнті болдым, ол менің сана-сезімімді, жан-дүниемді сіңірді. Меніңше, Иран мәдениеті басқа жердегі Қытай мәдениетінің өзі. Сондықтан мен Қытай жастарының Иранға келуін үнемі сұраймын. Иран өркениет орталығы және әлемнің көптеген аймақтары, соның ішінде Қытай да ирандық мәдениеттің ықпалында болды. Біз тарихта бауырлас болдық және Қытайда Иран мәдениеті мен өркениеті туралы көптеген кітаптар бар. Біз Иранды өз бауырымыз деп санаймыз. Саяси салада біз теңбіз».

Иран Ислам Республикасының Қытайдағы мәдениет жөніндегі кеңесшісі Неғматулла Иранзаде:

Дж.К.Юн – ирантанушы ретінде танылған және екі ел арасындағы жаңа байланыстардың қайнар көзі, алғысқа лайық университет белсенділерінің бірі»,- деді. Оның айтуынша, бұрыннан келе жатқан тарихи-өркениеттік байланыс біздің назарымызға саяси географиядан тыс түсуі керек. Иран мен Қытай бірнеше мың жыл бойы бірде-бір ұлтты басып көрмеген. Бұл адами көзқарас Жібек жолын құруға негіз болды. Иран мен Қытай Шығыс өркениеттерінің өкілдері ретінде кейбір халықтар арасында орынсыз таралған иранофобия мен синофобиядан тыс, бүгінгі адамзаттың салауатты өмір сүруіне жаңа өркениет үлгісін әкеле алуы керек».

Тегтер