Maм 31, 2024 18:07 Asia/Almaty
  • Қарсылық - Сирияның жоғары болмысы / Ислам революциясы жетекшісінің Сирия Президентімен кездесуіндегі сөздерінен үзінді

Бейсенбі күні имам Хаменеи Сирия Президенті Башар Асад және онымен бірге келген делегациямен кездесуінде қарсыласуды Сирияның жоғары болмысы деп атап: "Сирияның аймақтағы ерекше орны осы жоғары болмысына байланысты және бұл маңызды ерекшелік сақталуы керек",- деді.

Ислам революциясының жетекшісі Башар Асадқа Иран халқына көңіл айту үшін Теһранға келгеніне алғыс айтып, Раисидің Иран-Сирия қарым-қатынастарын нығайтудағы маңызды рөліне тоқталып: "Амирабдуллахиан да бұл мәселеге ерекше назар аударды",- деді.

Имам Хаменеи Иран мен Сирия арасындағы қарым-қатынастардың нығаюын екі елдің қарсыласу осінің тірегі болғаны тұрғысынан маңызды деп бағалап: "Қарсыласу болып табылатын Сирияның ерекше болмысы марқұм Хафиз Асад дәуірінде және «Қарсыласу және тұрақты майданның» құрылуымен қалыптасты және бұл бірегейлік әрқашан Сирияның ұлттық бірлігіне көмектесті",- деп айтты. Бұл бірегейлікті сақтау қажеттігін атап көрсеткен аятолла Хаменеи батыстықтар мен олардың аймақтағы ізбасарларының Сирияға қарсы соғысу арқылы осы елдің саяси жүйесін құлатып, Сирияны аймақтық теңдеуден шығаруды көздегеніне назар аударып: "Бірақ олар сәтті болмады, енді олар Сирияны аймақтық теңдеулерден басқа әдістермен, соның ішінде ешқашан орындамайтын уәделерімен алып тастауды жоспарлап отыр",- деп айтты.

Ислам революциясының жетекшісі Башар Асадтың берік ұстанымын мадақтап: "Әр адам Сирия үкіметінің ерекше болмысын, қарсылығын өз көз алдында көруі керек",- деп баса айтты.

Имам Хаменеи Америка мен Еуропаның Иран мен Сирияға жасаған саяси және экономикалық қысымдарына тоқталып: "Ынтымақтастықты арттырып, оны ретке келтіру арқылы біз бұл шарттарды еңсеруіміз керек",- деп мәлімдеді.

Марқұм Раисидің Иран мен Сирияның әртүрлі салалардағы ынтымақтастығын арттыруға дайындығына тоқталып: "Қазірдің өзінде президент өкілеттігіне ие болған Мохбер сол көзқарасты жалғастыруда және бәрі жақсы болады деп сенеміз",- деді.

Ислам революциясының жетекшісі сонымен қатар аймақтағы кейбір елдердің Газа мәселесіне қатысты ұстанымдары мен әрекетсіздігін сынап, жақында Манамадағы араб елдері басшыларының кездесуіне және бұл отырыста Палестина мен Газаға қатысты көптеген кемшіліктер жасалғанын, бірақ кейбір елдердің жақсы әрекет еткеніне   тоқталды.

Имам Хаменеи Ислам республикасының болашаққа деген көзқарасының оң және айқын екенін баса айтып: «Біз бәріміз өз міндетімізді орындап, осы жарқын болашаққа қол жеткізе аламыз деп үміттенеміз",- деп айтты.

Бұл кездесуде Сирия Президенті Башар Асад революция жетекшісі мен Иран үкіметі мен халқына көңіл айтып, аятолла Хаменеиге үндеу жолдап: «Иран-Сирия қарым-қатынасы Сіздің басшылығыңызбен дамып келе жатқан стратегиялық қарым-қатынас. Осыны жүзеге асыруды Раиси мен Амирабдуллахиан  жетекшілік етті",- деді. Сирия Президенті Раисидің кішіпейіл, дана және мінезіне тоқталып, оны Ислам революциясының ұстанымдары мен ұрандарының айқын үлгісі деп атап: «Өткен үш жылда Раиси аймақтық мәселелер мен Палестина мәселесіндегі Ислам республикасының рөліне, сондай-ақ Иран-Сирия қарым-қатынастарын тереңдетуге маңызды әсер етті",- деп мәлімдеді.

Башар Асад  сондай-ақ, аймақтағы қарсыласу мәселесіне тоқталып: «50 жылдан астам уақыттан кейін аймақтағы қарсыласу сызығы ілгерілеп, қазір діни және саяси көзқарасқа айналды",- деп айтты.

Сирия Президенті "біздің ұстанымымыз: әрқашан Батысқа қарсы кез келген шегініс олардың ілгерілеуіне әкеледі" деп баса айтып: "Мен бірнеше жыл бұрын қарсыласу шығының ымыраға келу шығынынан төмен екенін жарияладым. Бұл мәселе қазір Сирия халқы үшін өте айқын. Газадағы соңғы оқиғалар мен қарсыласушылардың жеңістері де аймақ халқы үшін осы мәселені дәлелдеп, қарсыласудың қағида екенін көрсетті",- деп мәлімдеді.

Башар Асад Ислам революциясы жетекшісіне аймақтағы қарсыласуды, сондай-ақ Сирияны барлық салаларда қолдаудағы маңызды рөлі үшін алғыс айтып, жоғары бағалады.

Ислам революциясының жетекшісі Башар Асадтың сөзінен кейін: «Сіздің сөздеріңізде маңызды тұстар болды, бірақ мен үшін бір тармақ маңыздырақ болды.  Сіз "біздің ұстанымымыз: әрқашан Батысқа қарсы кез келген шегініс олардың ілгерілеуіне әкеледі" дедіңіз, бұған күмән жоқ және бұл біздің 40 жылдан астам ұранымыз бен сеніміміз болды",- деді.

Тегтер