Maм 31, 2024 22:24 Asia/Almaty
  • Шәһид болған Иран президентінен Құранда айтылған билеушінің қасиеттерін көруге болады

ИИР президентінің дін істері жөніндегі кеңесшісі: "Егер біз Құран ережесін объективтілік тұрғысынан іздейтін болсақ, осы шәһид президенттің өміріне көз жүгіртіп, оны зерттегеніміз абзал",- деді.

Pars Today ақпарат агенттігінің Mehr агенттігі|не сілтеме жасап хабарлауынша, Президенттің дін істері және семинариялар жөніндегі кеңесшісі Мұхаммад Хадж Абулқасым Иранның Құран қоғамы Хосейние әз-Заһрада (ғ.с.) өткізген Құранға жақын болған Иран президенті шәһид Раиси мен оның серіктерін еске алу  рәсімінде Аятолла Раиси мен оның серіктерінің шәһид болуына байланысты көңіл айта отырып: «Расында, біздің президентіміз құрандық тұлға болды және осы себепті бұл біздің Құран қоғамымызға зиянды», - деді. Ол Раисидің Құранға жақын адам болғанын еске алып: "ИИР Президентінің Мазандаранға  облыстарды аралайтын соңғы сапары кезінде Раиси әуежайға   делегациядан бірнеше минут бұрын келген еді, мен әуежайға кіріп, оның қасына отырғанда,   оның құран оқып тұрғанын естідім. «Яс», «Сафат», «Мәлік» сүрелерін патшалық үнмн оқыды. Немесе Біріккен Ұлттар Ұйымында оның Құранды қалай қолдағанын бәріміз көрдік. Ол Біріккен Ұлттар Ұйымы тарихында өз атымен осындай мәртебеге қол жеткізген жалғыз президент болса керек, оның қолында Құран ұстап тұоған бейнесі БАҚ беттерінде мәңгілік қалды",- деп айтты. Президенттің дін істері жөніндегі кеңесшісі, шейіт Раисидің Құран іс-шараларын насихаттаудағы күш-жігеріне сілтеме жасай отырып: "Құран мәдениетін дамыту кеңесіне тікелей қатысып, оның қатысуымен осы кеңесті құрған президент бізде аз болды. Құрандық басқаруды объективтілік тұрғысынан іздейтін болсақ, осы шәһид президенттің өмірбаянына көз жүгіртіп, оны зерттегеніміз абзал.",- деді. Ол Алла Тағаланың Құранда бізге қалаған басшыларын таныстырғанына назар аударып: "Хазірет Сүлеймен, хазірет Юсуф, Джәнаб Зул-Қарнайн – бәрі де Ұлы Алланың қалаған әмірлері еді. Бұлардың барлығының жол картасы болды және өзінше үлгі болды. Олардың бойында барлық ізгі қасиеттер болған және олар шынайы болғанымен, жақсы адамгершілікке ие болған",- деп айтты.

Мұхаммад Хадж Абулқасым одан әрі «Мәида» сүресінің 54-аятына сілтеме жасап: " Бұл аятта жақсы билеушінің барлық ерекшеліктерін қамтитын алты маңызды сипаттар бар.  Бірінші қасиет – оның Алла Тағалаға деген сүйіспеншілігі және Алла Тағаланың оған деген сүйіспеншілігі. Материалдық мотивтер илаһи әміршілерде бояуын жоғалтты, ал Құранға жақын билеушісі Алланың разылығын зерттеуге бар күшін салады.  Алла Тағала Құранның бұл аятында былай деп айтады: "Әй мүміндер! Сендерден кім дінінен шықса, Алла (Т.) жедел бір қауым әкеледі; Алла оларды жақсы көреді және олар да Алланы жақсы көреді. Мүміндерге қарсы жұмсақ, кәпірлерге қарсы қатал, Алла жолында соғысады. Сөгіс берушілердің сөгісінен олар қорықпайды. Осы, Алланың қалағанына беретін ілтипаты. Өйткені, Алла өте кең, аса білуші". Президентіміз Алланы жақсы көрді, Аллаға жақын болмаса, күні-түні халық үшін жүгіре алмайды. Израильдің адамгершілікке жатпайтын режиміне қарсы «Адал уәде» операциясының сәтті өтуі де сүйікті президентіміздің осы операцияға жан-жақты қолдау көрсетуінің арқасында болды. Оның тынымсыз талпынысы мен жиһад рухы мені таң қалдырды",- деді.

 

Тегтер