Әлем Иранның марқұм президентін құрметтейді
(last modified Sat, 01 Jun 2024 10:58:43 GMT )
Маусым 01, 2024 16:58 Asia/Almaty
  • Әлем Иранның марқұм президентін құрметтейді

Нью-Йоркте Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы бейсенбі күні ИИР президенті Сейед Ибрахим Раиси, Сыртқы істер министрі Хұсейн Амирабдуллахиан және тікұшақ апатының басқа да шәһидтерін еске алу рәсімін өткізді.

Әлемнің әртүрлі елдерінің өкілдері мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антонио Гутерриш қатысқан бұл рәсімде қатысушылар Иранда қызмет еткен шәһидтерге бір минут үнсіздікпен тұрып, тағзым етті.

Бұл рәсімде Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының төрағасы Деннис Фрэнсис: «19 мамырда тікұшақ апатында қаза тапқан президент Сейед Ибрахим Раисиді еске алу менің міндетім» деді. БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш де ИИР президенті Сейед Ибрахим Раиси, Сыртқы істер министрі Хұсейн Амирабдуллахиан және тікұшақ апатының басқа да шәһидтерін еске алу рәсімінде былай деді "Сейед Ибрахим Раиси Иранды ел, аймақ және әлем үшін күрделі кезеңде басқарды».

Қосылмау қозғалысына мүше елдер де осы рәсімде Иран үкіметі мен халқына жанашырлық танытып, Иранның марқұм президенті мен Сыртқы істер министрі Қосылмау қозғалысы елдерімен ынтымақтастық пен әрекеттесуді нығайтуда тиімді болғанын жариялады. Олардың басшылығымен ИИР дамушы елдер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуда маңызды рөл атқарды.

Біріккен Ұлттар Ұйымындағы Африка елдерінің тобы Иран үкіметі мен халқына жанашырлық танытып, Раиси мен Әмір Абдоллахианның талпыныстарының Иран мен Африка арасындағы байланыстарды нығайту және халықтар арасындағы ынтымақтастық пен түсіністікті нығайтуда маңызды рөл атқарғанын жариялады.

Пәкістанның Біріккен Ұлттар Ұйымындағы елшісі және тұрақты өкілі Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына мүше елдер атынан ИИР Президенті Сейед Ибрахим Раиси, Сыртқы істер министрі Хұсейн Амирабдуллахианның талпыныстарын жоғары бағалады.

Иран Президенті Ибрахим Раиси мен Сыртқы істер министрі Амир Абдуллахиан мен оның делегациясы жексенбі, 19 мамырда "Қыз қаллесі" бөгетін ашу рәсіміне қатысу және Иран мен Әзірбайжан республикасына ортақ "Ходаафарин" бөгетінің құрылысы барысымен танысу үшін Шығыс Әзірбайжан облысына барған болатын. Осы рәсімнен кейін Иран Президенті, Иран Сыртқы істер министрі мен онымен бірге болған делегация мінген тікұшақ Варзган аймағындағы қолайсыз ауа райының салдарынан қайтар жолда апатқа ұшырап, барлық жолаушылары шәһид болды.