Иранның сауда-экономикалық жаңалықтарына шолу: Заманауи суару жүйелерін экспорттаудан Иранның ақшаны жылыстатумен күресудегі әрекеттеріне дейін
(last modified Sat, 01 Jun 2024 16:23:27 GMT )
Маусым 01, 2024 22:23 Asia/Almaty
  • Иранның сауда-экономикалық жаңалықтарына шолу: Заманауи суару жүйелерін экспорттаудан Иранның ақшаны жылыстатумен күресудегі әрекеттеріне дейін

Иранның Жоспарлау және бюджеттік ұйымының жерді дамыту және аймақтық даму істері бөлімінің басшысы Сейед Джафар Хұсейни соңғы 20 жылда Иранның Иракқа экспортының 15 есе өскенін жариялап: "2200 ирандық тауар экспортталады, оның ішінде техникалық және инженерлік қызметтер мен электр қуатын қосқанда бұл экспорттың құны шамамен 12 миллиард долларға жетеді",- деді.

 

Pars Today ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иранның Ауылшаруашылық жиһад министрлігінің ауыл шаруашылығы істері жөніндегі орынбасары  Алиреза Мохаджер: "Қазіргі уақытта Иранның ауыл шаруашылығы саласына қажетті тұқымның 98 пайыздан астамы өзімізде өндіріліп, 2 пайыздан азы ғылыми байланыстарды сақтау мақсатында импортталады",- деп айтты.

Иранның Қытайға экспорты артты

Қытай кеденінің соңғы статистикасы бойынша, 2024 жылдың алғашқы 4 айында Бейжің мен Теһранның сауда айналымы 5 миллиард 57 миллион долларды құраған. Осы аралықта Қытайдың Ираннан импорты өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 пайыздық өсіммен 1 миллиард 500 миллион доллардан асқан.

Иранның бидай өндірісі 14,5 миллион тоннаға жетеді

АҚШ Ауыл шаруашылығы министрлігі әлемдегі астық өндірісі мен саудасының жағдайы туралы баяндамасында Иранның бидай өндірісінің ағымдағы егін жылында өткен жылмен салыстырғанда 500 мың тоннаға артып, 14,5 миллион тоннаға жететінін болжады. Осылайша Иран әлемдегі 11-ші бидай өндіруші болады. Өткен жылы Иранның бидай өндірісі 800 мың тоннаға артып, 14 миллион тоннаға жетті.

Иранның заманауи суару жүйелері саласындағы экспорты 100 миллион доллар

Иранның Егіншілік жиһад министрінің кеңесшісі  Фариборз Аббаси былай деді: "1402 жылы Иранның қазіргі суару жүйелері, құбырлар және оның туындылары саласындағы экспорты алдыңғы жылдармен салыстырғанда екі есе көп болды". Аббасидің айтуынша, Иран осы секторда 19 елге шамамен 100 миллион долларға өнімін экспорттаған.

Иран құмды сауыт жабдықтары бар елдердің тізімінде

Иран армиясы Құрлық күштерінің қолбасшысы Киомарс Хейдари: «ИИР стратегиялық ауыр және аса ауыр танктер мен құммен қапталған броньды көліктерді сақтау саласындағы жаңашыл және бірегей елдердің бірі болып табылады. Бронды құралдар мен жабдықтарға техникалық қызмет көрсету және консервациялаудың қолайлы жағдайына байланысты бұл техника қысқа мерзімде кез келген географиялық жағдайларда ұрысқа дайын болады.

Ресей Думасында Еуразиялық одақтың Иранмен еркін сауда туралы келісімін бекітілді

Ресей Думасы Иран Ислам Республикасы мен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер арасындағы еркін сауда келісімін мақұлдады. Ресей үкіметі бұл келісім Теһран мен Мәскеу арасындағы коммерциялық және экономикалық салаларда, соның ішінде тау-кен өнеркәсібі, энергия тиімділігін арттыру, зерттеу және инновация, телекоммуникация, көлік және көлік инфрақұрылымы салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтетінін хабарлады. Өткен жылдың соңында Санкт-Петербургте қол қойылған Иран Ислам Республикасы мен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер арасындағы еркін сауда келісімі де Дүниежүзілік сауда ұйымының ережелерімен үйлеседі.

Иранның ақшаны жылыстату және терроризмді қаржыландырумен күресудегі әрекеттері

Иран Ислам Республикасының делегациясы Еуразиялық ақшаны жылыстату және лаңкестікті қаржыландырумен күрес аймақтық тобының 40-шы отырысында Иранның ақшаны жылыстату және лаңкестікті қаржыландырумен күресу шараларын түсіндірді. Ақшаны жылыстатуға қарсы талаптар тұрғысынан Иран Ислам Республикасы Орталық банкінің құқықтық мүмкіндіктерін түсіндіру, Заң шығарушының орталық банкке жан-жақты қадағалау өкілеттіктерін беру, басшылық қызметке кірісетін адамдардың жалпы және кәсіби біліктіліктерінің болуын қамтамасыз ету жөніндегі күш-жігері осы отырыста сипатталған мәселелердің бірі болды.