Маусым 06, 2024 21:42 Asia/Almaty
  • Имам Хомейнидің(р.) қарсыласу идеясының Ираннан әлемге таралуына шолу

Теһран университетінің бір ұстазы: "Имам Хомейни(р.) өз заманында еккен қарсыласу идеясының көшеті бүгінде бір құдіретті ұйымға айналды",-деді.

Pars Today ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Теһран университетінің ұстазы Мұхаммед Джавад Факих "Имам Хомейнидің(р.) ойларындағы қарсыласу" туралы: "Имамның революцияға дейінгі қарсыласу ойлары жасөспірім шағында қалыптасты. Ал қазір бұл ойлар әлемдегі еркін халықтардың оянуына септігін тигізді",-деді.  

Төменде Мұхаммед Джавад Факихтің Mehr ақпарат агенттігіне берген сұхбатының бір бөлігін ұсынамыз:

Имам Хомейнидің саяси ойындағы қарсыласу бірнеше принциптерге негізделген. Бір Аллаға сену және Одан басқа ешнәрседен қорықпау – бұл ойдың бірінші қағидасы.

Имамның қарсылық туралы ойындағы екінші қағида илаһи, құрандық және исламдық дәстүрлерге арналған. Құран тәкаппарлықтан гөрі күпірлікке қарсы. Тәкаппарлықпен күресу – Құранның әрбір мұсылманға, әсіресе, ғалымдарға жүктеген міндеті.

Ақыл – имам Хомейнидің саяси ойындағы қарсыласудың үшінші қағидасы. Әлемнің зиялылары билеуші ​​күштердің жалған ұлылығына бағынбайды, олар әрқашан қысымнан құтылудың жолын табады. Ұтымды түрде олар үстемшілдіктің/тәкаппарлықтың осал тұсын тауып, сол жерден соққы береді.  

Тарихи тәжірибе имам Хомейнидің саяси ойындағы қарсыласудың төртінші қағидасы болып табылады. Тарихта барлық жеңістерге қарсылықтың арқасында қол жеткізілді. Аятолла Хаменеидің баяндамаларында бұл мағына былайша баяндалады: "Қарсылық көрсеткен жерде алға жылжыдық. Тізе бүккен жерде соққы алдық".

Имамның саяси ойындағы қарсылықтың бесінші қағидасы табиғатқа/болмысқа негізделген.

Салауатты табиғат езгіге қарсы күресетін адамның ар-ожданын мадақтап, езілгендерді қолдауға кие дарытады. Ираннан бастау алған қарсылық қисыны дүниедегі азат адамдардың жүрегіне жол тартты. Оның мысалдары әлем студенттерінің Газа халқына қолдау көрсетуі және мұсылман емес халықтардың оянуы арқылы айқын көрінеді.

Имам Хомейнидің саяси ойындағы қарсылық мәселесі исламға қарсы жазылған «Мыңжылдық құпиялар» кітабына жауап ретінде «Кашф әл-асрар» кітабын жазған заманнан басталады.

Иран Ислам революциясының негізін қалаушы осы кітапты жазу арқылы әлем мұсылмандарын қарсыласуға шақырды. Имам революцияға дейінгі өз баяндамаларында әрқашан әлем ғалымдары мен мұсылман халқына үндеу тастап, зұлымдыққа қарсы көтеріліп, үстемшілдер мен олардың қуыршақтарын елдерінен қууға шақырды.

Имам Хомейни Ислам революциясы барысында, Саддамға қарсы сегіз жылдық қасиетті қорғаныста және жыл сайын қажыларға жолдаған жолдауында бұл шақыруды анық және ашық қайталап айтып келді.

Ол аймақ елдерінің халқы мен ғұламалары шақыруды қабыл алады деп күтті. Ол тәуелді билеушілерге үстемшілдікке қарсы, дін мен ар-намысты тонауға қарсы тұруға кеңес берді. Ол сондай-ақ Иран шахына АҚШ пен Израильдің қамытынан құтылуға кеңес берді. Бірақ шах Англия мен АҚШ-қа тәуелді болды.  

Имам (р.) аятолла Шахабадидің шәкірті болып, одан сопылық пен философия үйренген кезде де, Ұлттық жиналысқа барып, шәһид Модарестің жауынгерлік рухын, ерлігін мадақтайтын кездерде де, жиырмасыншы жылдардың басында «Кашф әл-Асрар» кітабында Иран мұсылмандарын және ислам әлемін бөгде державалар мен олардың одақтастарының езгісіне қарсы әрекет етуге шақырған кезде де, 1342 жылғы көтерілістің басында өзінің жалынды сөзін тек шахқа ғана емес, АҚШ пен Израильге де бағыттап, оларға қарсы қатал позиция ұстанған кезде де, көптеген адамдар "тақия" (жасырын әрекет ету) жолына түсіп, екі түрлі сөйлегеніне қарамастан Ислам революциясының жеңісі қарсаңында да шахқа қарсы соғысумен қатар, АҚШ пен Израильге қарсы ашық және айқын ұстанымдар білдірді.

Имам Хомейнидің 1342 жылғы мұхаррамда сөйлеген сөзі

 

Имамның революцияға дейінгі қарсыласу ойлары жасөспірім шағында қалыптасты. Ал қазір бұл ойлар әлемдегі еркін халықтардың оянуына септігін тигізді. Жаһандық үстемшілдіктің қыңыр қарсылығына қарамастан қарсыласу идеясы аймақ пен әлемдегі тарихи отарлар мен қуыршақ үкіметтердің легіне өз жолын ашты.

Имам – шәһидтің баласы. Хомейннің ғұламаларының бірі болған оның асыл әкесі зұлымдыққа қарсы күресте шәһид болды. Имам Хомейни бала кезінде әкесімен бірге жергілікті залым билеушілерімен қарулы шайқасқа қатысқанын айтады. Осы себепті имамның қарсыласу идеясы генетикалық және отбасылық талқылау болып табылады.

Имамның қарсыласу идеясы бүгінде күшті ұйымға айналып, АҚШ пен Израильге сес көрсете алатын күшке айналып, аймақ шекарасынан тыс жерде АҚШ пен Еуропада бүр жарды. Ислам революциясының жетекшісі имам Хаменеидің жақында жазған хатында бұл туралы айтылды.

Батыс Азиядағы лаңкестікпен күрестің ірі қолбасшысы сардар шәһид Сүлеймани мен шәһид Мұхандестің Ливан Хизбулласының бас хатшысы сейіт Хасан Насролламен кездесуі

 

Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи Еуропа елдері студенттерінің Палестинаға қолдау көрсету үшін жасаған шерулерін Имам Хомейнидің қарсыласуының бір бөлігі деп атады.

Қарсыласудың болашағы жарқын болады. Өйткені бұл идея да илаһи дәстүрге сай келеді. Бұл дәстүрде илаһи жеңіс туралы уәде берілген және оның нақты логикасы бар. Адам табиғатына сәйкес келетін логиканы әлем айқын түсінсе, Ислам революциясының жетекшісі айтқандай, қарсыласудың шығындары ымыраға келу мен қорлыққа шыдау шығындарынан аз болады.

Палестина исламдық қарсылу қозғалысы ХАМАС-тың саяси кеңсесінің басшысы Исмаил Ханияның имам Хаменеимен кездесуі

Барлық ояу ар-ұждандар қатыгездік пен қылмысты жек көреді. Қарсыласу идеясында зұлымдыққа қарсы тұрғандар мадақталады.

Сионистік медиа империя үстемдік ететін Батыс елдерінде қарсыласу өршіп, Батыстың езгісіне қарсы ар-ұждандарды оятып, оларды қорқытты.

Қарсыласу идеясының қасиетті кітаптарда уәде етілген құтқарушының, яғни хазірет Мәһдидің пайда болуы деп аталатын көкжиегі мен шыңы бар.

Ақ үй алдында Иран мен Палестина жалаулары желбіреп тұр

Дереккөз:  Имам Хомейнидің қарсыласу идеясының қуатты ұйымға айналуы. 1403. Эльназ Рахматнежадтың Мұхаммед Джавад Факихпен сұхбаты. Mehr ақпарат агенттігі

Тегтер