Иран жаңалықтарына шолу: 6 миллион шетелдік туристтің сапары, Иран мен Үндістан арасындағы серіктестік және рекордтық экспорт
Pars Today ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Теһранның Ауғанстан бойынша аймақтық байланыс тобының отырысын өткізуі, ирандық ауылшаруашылық өнімдерінің экспортының 1 миллиард долларға артуы, ирандық мұнай экспортының рекордтық көрсеткіші және 6 миллион шетелдік туристтің Иранға сапары Иранның ең маңызды саяси-экономикалық жаңалықтарының бірі болып табылады.
Иранның ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты бір миллиард долларға артты
Иранның Ауылшаруашылық жиһад министрі Мұхаммадәли Никбахт 1402 жылы Иранның ауылшаруашылық өнімдерінің экспортының көлемі 1401 жылмен салыстырғанда бір миллиард долларға артқанын және Иранның ауыл шаруашылығы секторының сауда балансының 2 миллиард доллардан астамға жақсарғанын мәлімдеді.
2023 жылы Иранға 6 миллион шетелдік турист сапар шекті
Біріккен Ұлттар Ұйымына қарасты Дүниежүзілік туристік ұйым өзінің соңғы есебінде 2023 жылы Иранға 6 миллион шетелдік турист келгенін хабарлады. 2022 жылы Иран бұл елге сапар шеккен шетелдік туристер саны бойынша әлемде 40-шы орында болса, 2023 жылы 6 орынға көтеріліп, 34-ші орында орналасты.
АҚХА Басқарушылар Кеңесінің Иранға қарсы қарары айыпталды
ИИР Сыртқы істер министрлігі мәлімдемесінде Атом Қуаты Халықаралық Агенттігі Басқарушылар Кеңесі бекіткен қарарды айыптап, Иранның бұл қарарды ұсыну мен бекітуді саяси және конструктивті емес әрекет және кейбір батыс елдерінің бұрынғы сәтсіз саясаттарының жалғасы және тәуелсіз елдерге қарсы халықаралық механизмдерді саяси түрде теріс пайдалану әрекеті деп санайтынын жариялады.
Атом Қуаты Халықаралық Агенттігі Басқарушылар Кеңесі бекіткен қарарда Иранның осы органмен ынтымақтастығына тоқталмай, Теһраннан болжамды қорғау мәселелерін шешу үшін «қажетті және шұғыл шаралар» қабылдауды сұрады.
Иран экономикасының орташа жылдық өсімі 5 пайызға артты
Иранның Бағдарлама және бюджет ұйымының өкілдері Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымының Экономикалық зерттеулерді басқару комитетінің жетінші отырысында Иранның соңғы үш жылдағы жылдық экономикалық өсімі орта есеппен 5%-ға жеткенін, жұмыссыздық деңгейі тұрақты түрде төмендегенін және оның соңғы үш жылдағы орташа көрсеткіші 8,8% құрағанын мәлімдеді.
Үндістан – Иранның негізгі серіктесі
Иран президентінің міндетін атқарушы Мұхаммад Мохбер Үндістан Премьер-министрі Нарендра Моди партиясының ұлттық сайлаудағы қайта жеңісін құттықтаған жолдауында: «Сіздің басшылығыңызбен Үндістан Иран Ислам Республикасының негізгі серіктесіне айналды",- деді.
Өткен жылы Иран бір миллиард доллар пісте экспорттады
Иранның Ұлттық пісте қауымдастығы Қамқорлар кеңесі төрағасының орынбасары Джалил Карбахш Ровари өткен жылы (1402) бір миллиард доллар пісте экспортталғанын хабарлап: "Өткен жылы Иранда 200 мың тонна пісте өндірілді, оның 120 мың тоннасы 900 миллионнан 1 миллиард долларға дейін мақсатты елдерге экспортталды. Қазір пісте Иранның 27 облысында өндіріледі",- деді.
Теһранда Ауғанстан бойынша аймақтық байланыс тобының отырысы өтіп жатыр
Иран Ислам Республикасы Сыртқы істер министрінің көмекшісі және Сыртқы істер министрлігінің Оңтүстік Азия бас директоры Сейед Расул Мусави: «Иран, Қытай, Ресей және Пәкістанның арнайы өкілдерінің қатысуымен Ауғанстан бойынша аймақтық байланыс тобының отырысы бүгін (сенбі) Теһранда өтеді",- деді.
Иранның оңтүстік-шығысында теңіздегі ең ірі тұзсыздандыру зауыты ашылды
Иранның су және ағынды су инженерлік компаниясының бас директоры Хашем Амини: «Шәһид президент Сейед Ибрахим Раисидің Систан және Белуджистан облысына (Иранның оңтүстік-шығысында) ерекше көзқарасы және осы облыстың солтүстігінен оңтүстігіне дейінгі барлық су жобаларына арнайы қаражат бөлу аймақтағы ең ірі теңіз тұщыту зауытының сегіз айдың ішінде іске қосылуына себеп болды",- деді.
Соңғы 12 айда Иран транзиті 60 пайыздан астамға өсті
Иранның Жол және қала құрылысы министрі Мехрдад Базарпаш БРИКС елдері көлік министрлерінің отырысында: «Иран аумағынан транзит соңғы 12 айда 60 пайызға өсіп, 17 миллион 600 мың тоннадан асты, бұл Иранның аймақ елдері үшін транзиттік жолының сенімділігі, қауіпсіздігі және экономикалық тиімділігін көрсетеді",- деп айтты.
Иранның Қытайға мұнай экспорты рекордты жаңартты
Bloomberg Қытайдың өткен айда (мамырда) Ираннан 1,54 миллион баррель мұнай импорттағанын жазды, бұл қазаннан бергі ең жоғары көрсеткіш болды.