Ирандық қыздардың шахмат пен волейболдан  Азиядағы екі жеңісі; Ирандық ұлдар екінші орын алды
(last modified Fri, 14 Jun 2024 12:33:51 GMT )
Маусым 14, 2024 18:33 Asia/Almaty
  • Ирандық қыздардың шахмат пен волейболдан  Азиядағы екі жеңісі; Ирандық ұлдар екінші орын алды

Pars Today:  Ирандық шахматшы Мехса Алави рапид турнирінің Азия жас тобындағы чемпионы атағын жеңіп алды.

 

 

Дүйсенбі күні Қазақстанның Алматы қаласында шахматтан жастар арасығындағы Азия чемпионаты басталды. Осы жарыстардағы Иранның 16 жасқа дейінгі қыздарының өкілі Мехса Алави өзінің жеті ойынын да тамаша жеңіспен жеңіп, беделі бар Азиялық жылдамдық жарысының чемпионы атанып, Иран керуенінің алғашқы алтын медалін жеңіп алды.

Иранның 18 жасқа дейінгі әйелдер ұлттық волейбол командасы да беделді түрде Орталық Азия аймағы (CAVA) чемпионатының титулына қол жеткізді.

Иранның волейболшы қыздары осы жарыста қатарынан 6 жеңіске жетіп, бір сетте ғана жеңіліспен чемпион атанды. Бұл жарыстар Өзбекстанның Ташкент қаласында өтті.

Әлем чемпионатына дайындалып жатқан Иранның волейболдан 17 жасқа дейінгі ұлдар құрамасы Орталық Азиядағы 18 жасқа дейінгі ұлдар арасындағы жарыстың екінші жүлдесін жеңіп алды.