Ирандық ескекшілер Азияның 6 түрлі-түсті медалін жеңіп алды, әйелдердің үлесі екі алтын
Pars Today: Таиландта өткен 23 жасқа дейінгі Азия чемпионатында ирандық ескекшілер тыныш суда ескек есу жарысында түрлі-түсті медальдар жеңіп алды, әйелдердің үлесі екі алтын болды.
25-27 маусымда Таиландтың Паттайя қаласында 23 жасқа дейінгі және жастар арасында тыныш судағы чемпионат өтеді. Pars Today ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран командасы бұл жарыстарға каноэ мен байдаркада есуден әйелдер мен ерлер бөлімдерінде 18 спортшы мен 4 жаттықтырушымен қатысуда.
Ирандық Эльназ Шафиян 23 жасқа дейінгі әйелдер арасында 1000 метрге бір адамдық байдаркадан финалда Өзбекстан, Тайланд, Қазақстан, Вьетнам және Сингапурдан келген бәсекелестермен күш сынасып, қорытындысында 4:09.940 минут нәтижемен алтын медальға қол жеткізді.
Тағы бір ирандық спортшы Аршин Резанжад да Өзбекстан, Корея, Қазақстан, Вьетнам және Сингапурдан келген бәсекелестермен жас қыздар арасындағы 1000 метрге бір рет байдаркадан ақтық сайысқа шығып, қорытындысында 4:16.635 минут уақытпен алтын медальға ие болып, бірінші орынға тұрақтады.
23 жасқа дейінгі ерлер арасындағы қос 1000 метрлік эстафетада ирандық Мұхаммад Аббаси мен Шаян Хұсейни Өзбекстан, Таиланд, Қазақстан, Вьетнам және Үндістаннан келген бәсекелестермен бақ сынап, қорытындысында 2-ші орынға тұрақтады. 3:41,690 минут уақытпен олар күміс жүлдеге ие болды.
Сондай-ақ Шаиан Хұсейни Өзбекстан, Таиланд, Қазақстан, Мьянма және Вьетнамнан келген бәсекелестермен 23 жасқа дейінгі ерлер арасындағы 1000 метрлік эстафеталық жарысқа қатысып, қорытындысында 4:04,396 минутпен үшінші болып мәреге жетіп, қола медальге иеленді.
Жарыстың жалғасында Иранның Абулфазл Джаннати мен Амирреза Оладиан есімді өкілдері Өзбекстан, Үндістан, Қазақстан, Қырғызстан және Қытай Қытай Тайбэйіден келген бәсекелестермен жас жігіттер арасында 1000 метрге қос байдаркадан финалда бақ сынап, 3:31.255 уақытпен мәреге үшінші болып, қола медаль жеңіп алды. Михраб Асаиш Хуршид ерлер арасында 1000 метрге бір адамға байдарка жарысының финалында Қытай Тайбэйі, Өзбекстан, Қазақстан, Корея және Сингапурдан келген бәсекелестермен күш сынасып, қорытындысында 3:46,302 минуттық нәтижемен үшінші болып мәреге жетіп, қола жүлдені жеңіп алды.