Қытай Ғылым академиясының президенті: Иран мен Қытай арасындағы терең тамырлы қарым-қатынасқа 2000 жыл толды
Pars Today: Қытай ғылым және технология академиясының басшысы Иран-Қытай қарым-қатынасының 2000 жылдық тарихына ризалығын білдіріп, екі ел арасында соңғы уақытта жасалған келісімдердің жемісті болатынына үміт білдірді.
Қытай Мемлекеттік министрінің орынбасары әрі Қытай ғылым және технология академиясының президенті доктор Ван бастаған Қытай үкіметі мен ғылыми делегациясы және осы академияның бір топ басшылары мен мүшелері Теһранға сапар шекті.
Pars Today ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бұл академияның мүшелері Иранның Қоршаған ортаны қорғау ұйымының вице-президенті әрі басшысы Әли Селаджеқимен кездесіп, сөйлесті.
Доктор Ван бұл кездесуде Иран мен Қытайдың ұзақ жылдар бойы бір-бірімен достық қарым-қатынастары мен іскерлік қарым-қатынастарына тоқталып: "Әлем тарихында Иран – Азия, Еуропа және Африканың үш құрлығында өз билігін кеңейтіп, Парсы империясын құрған алғашқы мемлекет",- деді.
Доктор Ван Иран мен Қытайдың қоршаған ортаны қорғау саласындағы бірлескен ынтымақтастығын кеңейтуге тоқталып: "Теһран университетінің ауылшаруашылық және табиғи ресурстар факультеті мен Ганьсу мемлекеттік ғылым және технология академиясының бірлескен зертханасының ашылуы екі елдің қоршаған орта мен табиғи ресурстар саласындағы қарым-қатынастарының деңгейін көтеру үшін маңызды қадам бола алады",- деп мәлімдеді.
Осы елдің Ганьсу штатында орналасқан Қытай ғылым және технология академиясының басшысы: "Иран мен Ганьсу мемлекетінің климаты жағынан ұқсастықтары көп",- деп еске салды.
Айта кетейік, осы кездесудің алдында Иранның Тегеран университетінің ауыл шаруашылығы және табиғи ресурстар факультеті мен Қытайдың Ганьсу Ғылым және технология академиясының бірлескен зертханасын ашу бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған болатын.