Ирандық өнерпаз Мұстафа Заманидің араб әлеміндегі танымалдылығы артып келеді
(last modified 2024-06-19T11:56:54+00:00 )
Маусым 19, 2024 17:56 Asia/Almaty
  • Ирандық өнерпаз Мұстафа Заманидің араб әлеміндегі танымалдылығы артып келеді

Pars Today: Ирактың «Амерли» сериалында жарқырып шыққан Мұстафа Замани жақында ғана кинотеатрларға шыққан Хади Моқадамдустың «Әтіралуд» - «Хош иісті» (Fragrant) фильмінде ойнады.

«Әтіралуд» - парфюмерия жасағысы келетін адам туралы романтикалық мелодрама.

Pars Today мәліметінше, бұл фильм шын мәнінде Мұстафа Заманидің   жаңа рөлі. Бұған дейін ол ирактық «Амерли» сериалында ойнады. «Амерли» сериялы 2014 жылдың маусым айында ДАИШ күштері қоршауға алған Ирактың Амерли қаласындағы оқиғаларға, оның тұрғындары ашаршылық пен соғыстың ауыр қаупіне ұшырағанын көрсетеді.

Басты рөлдерді Мұстафа Замани мен Нариман әл-Салехи ойнаған Ахмад Масуд Ахмад түсірген бұл сериал күткеннен де сәтті шығып, оның бұл сериалдағы ойыны араб тілді көрермендерге қатты ұнап, жақсы баға берді. Рамазан сериалы болған «Амерли» Ирактың өзінде «Алтын жарты ай» сыйлығын жеңіп алды. Осы сериалдан кейін «Мұстафа Заманидің» танымалдығы Иракта ғана емес, араб тілді елдерде де арта түсті.

Араб тілінде дубляждалып, «Әл-Кәусар» желісінде көрсетілген «Пайғамбар Юсуф» сериялындағы Мұстафа Заманидің актерлік ойыны араб тілінде сөйлейтін қауымның көңілінен шықты. Замани танымал болғандықтан, оның араб елдерінің киносы мен телевидениесінде өнер көрсетуі жалғасады деп күтілуде.

 

 

 

Тегтер