Маусым 22, 2024 18:43 Asia/Almaty
  • Батыс Азиядағы бала өлімінің ең төмен деңгейі Иранға тиесілі;  санкцияларға қарамастан сәтті үлгі

Иранның педиатрлар қауымдастығының хатшысы Ирандағы балалар өлімінің орташа әлемдік деңгейден төмен екеніне тоқталып: «Иран Батыс Азиядағы сәби өлімінің ең төмен көрсеткішіне ие",- деді.

Санкциялар мен жаһандық саяси қысымдарға қарамастан, Иран халықтың ғылым мен медицина салаларындағы маңызды рөліне сүйену арқылы кедергілерді жеңіп, жақсы жетістіктерге жетті.

Pars Today ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иранның педиатрлар қауымдастығының жыл сайынғы ғылыми конференциясының жауапты хатшысы Мұхаммад Зенозирад Ирандағы балалардың денсаулық жағдайы туралы: «Жаңа туылған нәрестелердің дүниежүзілік өлімінің орташа көрсеткіші әр мың туылған нәрестеге 11 өлімді құрайды» деп мәлімдеді. Бұл көрсеткіш Батыс Азияда 11-ден жоғары, ал Иранда 7,5.",- деп айтты. Ол: "Иранның бұл жетістігі ұжымдық күш-жігердің, дәрігерлер мен медбикелердің жеткілікті күшін дайындаудың және қажетті медициналық жабдықтар мен материалдармен қамтамасыз етудің нәтижесі болып табылады",- деп сөзін жалғады.

Иранның педиатрлар қауымдастығының жыл сайынғы ғылыми конференциясының жауапты хатшысы: «Иранның соңғы бірнеше онжылдықтағы тағы бір жетістігі - жұқпалы және алдын алуға болатын аурулардың сәбилер мен балалар арасында азырақ таралуы және басқа елдерде әлі де кең таралған полиомиелит және қызылша сияқты кейбір аурулардың Иранда жойылуы",- деді.

 

Тегтер