Соңғы үш жылда Иранның экономикалық өсімі 9 есе артты
(last modified 2024-06-24T15:50:07+00:00 )
Маусым 24, 2024 21:50 Asia/Almaty
  • Соңғы үш жылда Иранның экономикалық өсімі 9 есе артты

Иран Орталық банкінің басшысы соңғы үш жылда ел экономикасының 9 есе өскенін хабарлады.

Өткен кезеңмен салыстырғанда белгілі бір уақыт аралығында экономикалық тауарлар мен қызметтер өндірісінің артуы экономикалық өсу деп аталады.

Pars Today ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран Орталық банкінің басшысы Мұхаммедреза Фарзин: "Х.ш.ж.с.б. 1391-1399 жылдардағы Иранның орташа экономикалық өсімі тек 0,5 пайыз болды. Ал соңғы үш жылдағы (1400-1403) көрсеткіш 4,5 пайызға артты",-деді.

Мұхаммедреза Фарзин: "Соңғы үш жылдағы Иранның экономикалық өсімі 20 жылдың орташа есебінен 2,7 пайызға артық. Сондай-ақ Иранның соңғы үш жылда мұнайдан тыс орташа экономикалық өсімі 90-шы жылдармен салыстырғанда 3 еседен асса, өнеркәсіп секторының өсуі 9 еседен асты. Сондай-ақ 90-жылдары теріс 7,1 пайызды құраған негізгі капиталдың өсуі соңғы үш жылда оң 6,4 пайызға жетті",-деді.  

Соңғы онжылдықтарда экономикалық санкциялар зорлықшыл елдер үшін халықаралық  сахнада тәуелсіз елдерге қысым көрсету құралына айналды. 1990 жылдары АҚШ, Еуроодақ пен басқа да дамыған экономикалар басқа елдерге жүздеген экономикалық санкция салды.

Дұпшандар Иранда Ислам революциясы жеңіске жеткелі бері зұлым санкциялар салу арқылы елдің экономикасына соққы беруді көздеді. Санкция салынбаған ешбір өндіріс саласы қалмады.

Тегтер