Ағымдағы 1403 жылдың аяғына дейін Ирандағы 10 мың ауылды сумен қамтамасыз ету аяқталады; Иран ауыз суды басқаруда дүние жүзінде бірінші орында
(last modified Wed, 26 Jun 2024 11:34:55 GMT )
Маусым 26, 2024 17:34 Asia/Almaty
  • Ағымдағы 1403 жылдың аяғына дейін Ирандағы 10 мың ауылды сумен қамтамасыз ету аяқталады; Иран ауыз суды басқаруда дүние жүзінде бірінші орында

Иранның «Абфа» су және сарқынды су инженерлік компаниясының бас директоры хижра бойынша 1403 жылдың соңына қарай елдегі 10 мың ауылды сумен қамтамасыз ету аяқталатынын хабарлады.

Дүние жүзіндегі жауын-шашын мөлшері 800-ден 850 мм-ге дейін болса, Азияда бұл сан 600-ден 650 мм-ге дейін, Иранда 200-ден 250 мм-ге дейін жетеді.

Pars Today ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Abfa компаниясының бас директоры Хашем Амини: «Осы уақытқа дейін Ирандағы жалпы 10 мың ауылдың 5700 ауылына су құбыры тартылып, елдің ауылдары тұрақты ауызсу мен санитарлық судан игілігін көруі 87 пайызға жеткен",- деді. Амини былай деп қосты: «Жоспарлау және басқару арқылы Иранда сумен қамтамасыз ету мәселесінде елеулі алаңдаушылық жоқ".

Иранның су және ағынды су инженерлік компаниясының бас директорының айтуынша, ИИР Энергетика министрлігі хижраның 1402-ші жылдың меһр айынан (өткен жылдың қазан айынан) бастап Иран халқы жазда су үзілмей өтуі үшін жауын-шашынға сәйкес жазғы шыңнан өтуді жоспарлады.

Дүниежүзілік банктің соңғы есебі Иранның әлемдегі қалалар мен ауылдық жерлердегі ауыз суға қол жеткізу және аймақ елдері арасында тізімнің басында тұрғанын көрсетеді.

Иранда қалалық және ауылдық ауыз суға қолжетімділік пайызы сәйкесінше 99,83% және 82% құрайды. Бұл көрсеткіштер әлемде 85,7 және 59,6% және Батыс Азия елдерінде 83,2 және 69,5% құрайды.