Шіл 06, 2024 17:18 Asia/Almaty
  • Масуд Пезешкиан - Иранның 9-шы президенті

Масуд Пезешкиан Иранның 9-шы президенті болып сайланды.

Иранның 14-ші президенттік сайлауының екінші кезеңі кеше 5 шілде, жұма күні өтіп, дауыстарды санаудың түпкілікті нәтижесі бойынша Масуд Пезешкиан Иран халқының сайланған президенті атанды.

Pars Today агенттігінің хабарлауынша, Масуд Пезешкиан Иранның ішінде және одан тыс жерлерде жалпы 30 миллион 530 мың 157 дауыстың (жарамды және жарамсыз бюллетеньдердің жалпы саны) 16 миллион 384 мың 403 дауысын жеңіп алды. 

Иранның 14-ші президенттік сайлауының екінші кезеңіне тағы бір үміткер Саид Джалили 13 миллион 538 мың 179 дауыс жинады.

Иранның тоғызыншы президенті 1333 жылы дүниеге келген және жүрек хирургиясы  маманы.

Масуд Пезешкиан 1380-1384 жылдар аралығында реформалық үкіметте Иранның Денсаулық сақтау, емдеу және медициналық білім министрі қызметін атқарды.

Ол сондай-ақ 5 мерзім бойы Иран Ислам Кеңесінде Табриз, Азаршахр және Еско тұрғындарының өкілі болды. Пезешкиан Ислам кеңесінің 10-шы мерзімінде де төраға орынбасары болды.

Пезешкиан Иранның 14-ші президенттік сайлауында  «Иран үшін» ұранымен және әділдіктің жүзеге асуы, қоғамдағы бірлік пен ынтымақты нығайтып,  Ислам революциясының жетекшісі имам Хаменеидің саясаттарына негізделген Иранның «Жетінші даму бағдарламасын» жүзеге асыруды өзінің ең маңызды бағдарламалары деп жариялады. Ол сондай-ақ президенттік сайлау науқаны кезінде  «егер ол сайлауда жеңіске жетсе,  үкіметті бақылау комитетін құрады және бұл халық пен билік және егемендік арасындағы көпір болады деп уәде берді.

Иранның 14-ші президенттік сайлауының бірінші кезеңінде – 28 маусым жұма күні –  Мұстафи Пурмұхаммади, Саид Джалили, Мұхаммад Бақер Калибаф және Масуд Пезешкиан бір-бірімен бәсекеге түсті, бірақ олардың ешқайсысы абсолютті көпшілік дауыс жинай алмағандықтан, ең көп дауыс жинаған  Масуд Пезешкиан мен  Саид Джалили сайлаудың екінші турына түсті.

Соңында кеше өткен сайлауда Медешиан 16 миллион 384 мың 403 дауыс жинап, Иранның 9-шы Ислам президенті болып сайланды.

Бұл сайлауға шетелдегі ирандықтар да кеңінен қатысты.

Шетелдегі сайлау штабының хатшысы Алиреза Махмуди шетелдегі ирандықтардың сайлауды қызу қарсы алуына тоқталып, сайлаудың екінші кезеңінде шетелдегі сайлау жәшіктерінде ирандықтардың қатысуының бірінші турдағыдан 20 пайызға артық болғанын хабарлады.

Иранның Вашингтондағы мүдделерін қорғау кеңсесінің басшысы да кейбір қарсыластардың кедергілеріне қарамастан Америкада тұратын ирандықтар дауыс беруге жақсы қатысқанан хабарлады.

Тегтер