Шіл 13, 2024 20:51 Asia/Almaty
  • Қалибаф пен Путин арасындағы келіссөздерде қуатты Солтүстік-Оңтүстік дәлізіне ерекше назар аударылды

Иран Парламентінің спикері Ресей президентімен келіссөздердің ең маңызды осін Солтүстік-Оңтүстік дәлізі мен энергия тасымалдау желісі деп жариялады.

Иран Ислам Кеңесінің төрағасы Мұхаммад Бақер Қалибаф Мәскеуде өткен БРИКС парламентаралық форумынан оралғаннан кейін: "Ресей президенті Владимир Путин және Ресей Федерациясының Мемлекеттік думасы мен кеңесі басшыларымен кездесуде Иран мен Ресей арасындағы екіжақты мәселелер қаралды",- деді.  

Pars Today ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қалибаф: «Солтүстік-Оңтүстік дәлізі мәселесі және энергетика саласындағы ынтымақтастық жалғасқан мәселелердің бірі болды",- деп айтты.

Ресей төрағалығы кезінде БРИКС отырысына көптеген Орталық Азия елдерінің қатысқанын атап көрсеткен Қалибаф:  "БРИКС елдері әлем халқының жартысынан астамына және экономикалық әлеуетінің 30 пайызына ие. Бұл елдер SWIFT сияқты қаржылық хабар алмасу жүйелері сияқты параллель институттар құруда. БРИКС елдерінің екіжақты операциялары долларлық емес валютада жүзеге асырылады. Еуразияның маңызды экономикалық державаларының көпшілігі БРИКС мүшелері болып табылады.",- деп мәлімдеді.

Иран Ислам Кеңесінің төрағасының айтуыгша,  БРИКС саласында тек экономика мәселесі ғана емес, мәдениет, спорт және ғылыми мәселелер де талқыланады. Бұл кездесуде Тәжікстан, Қазақстан, Беларусь және Армения сияқты елдермен де екіжақты мәселелер қаралды.

Парламент спикері Вашингтонның санкцияларына тоқталып: «БРИКС-те көтерілген маңызды мәселелердің бірі – халықаралық заңдармен бекітілмеген АҚШ-тың біржақты санкциялары",- деді.

БРИКС – Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай және Оңтүстік Африканы қоса алғанда, дамып келе жатқан экономикалық державалар тобы. Иран, Египет, Эфиопия және Біріккен Араб Әмірліктері де бұл топқа 2024 жылдың 1 қаңтарында қосылды. 2018 жылы бұл топтың ЖІӨ-нің номиналды құрамы шамамен 57 триллион АҚШ долларын құрады.

 

 

Тегтер