Шіл 14, 2024 17:39 Asia/Almaty
  • NASA мен MIT ирандық микроэлектроника жабдықтарын сатып алады

Иранның микроэлектроника ұлттық бағдарламасының орынбасары NASA мен MIT университетіне микроэлектроника саласындағы ирандық білімге негізделген өнімдерді сату туралы хабарлады.

Иранның микроэлектроника ұлттық бағдарламасының орынбасары Нима Арджаманди Нано және өнеркәсіп сараптама орталығында микроэлектроника технологиясы мен инновация экожүйесінің белсенділерінің отырысында ирандық білімге негізделген компаниялардың экспорт саласындағы жетістіктеріне тоқталды. Ол: «Кейбір ирандық микроэлектроника компаниялары NASA мен MIT-ге микроэлектроника жабдықтары мен бағдарламалық жасақтамасын экспорттауда табысқа жетті»,- деді. Оның айтуынша, бұл компаниялардың кейбірінің әлемде 15 кеңсесі бар және осы уақытқа дейін жақсы экспорттаған.

Pars Today ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Арджаманди: «Ирандағы микрочиптер нарығы ешкімнің монополиясында емес. Мысалы, кремний саласында бірнеше компания белсенді және экспортқа ие. Құрал-жабдықтар саласында Иранның Нано штаб-пәтерінің қолдауымен өз жұмысын бастап, өнім шығарған компаниялар бар»,- деп айтты. Оның мәліметінше, олар қазір үлкен компанияларға айналған.

Иранның Ұлттық микроэлектроника бағдарламасының вице-президенті Пишран ұлттық чипті жобалау орталығының іске қосылуына тоқталды: «Бұл орталық микрочиптерді жобалаудағы мәселелерді шешу мақсатында құрылған және бұл Ирандағы әрбір адам пайдалана алатын ұлттық және университеттен тыс инфрақұрылым және ол профессордың немесе университеттің монополиясы емес». Арджаманди былай деп қосты: «Пишрандағы чиптерді жобалаудың ұлттық орталығында чиптерді жобалау үшін қажетті инфрақұрылым бар және ол микрочиптерді жобалауға және соңғы өнімді сынауға көмектеседі».

 

 

 

Тегтер